Ұлттық ұлан жауынгерлері 13 телефонды мекеме аумағына өткізу әрекетінің жолын кесті

    1 / 2

    ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №51 мекеме қызметкерлерімен бірлесіп, азық-түлік жеткізуге келген жүк көлігін тексеру кезінде алып өтуге тыйым салынған заттарды анықтады.

    Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауылындағы №51 мекеменің көліктік бақылау-өткізу пунктінде жеке күзет ротасының 3-ші жеке атқыштар батальонының тексеру тобы күдік тудырған жүкті тапты.

    Азық-түлік жеткізуге келген ГАЗ-53 жүк көлігін тексеру барысында әскери қызметшілер жедел ақпаратқа сүйенді. Тексеру кезінде тауық еті салынған жәшіктердің астына жасырылған 13 ұялы телефон мен олардың қуаттағыштары табылды.

    Барлық мән-жайын анықтап, тиісті процестік шаралар қабылдау үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.

    Құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері мен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің қырағылығының арқасында бақылау-өткізу пунктінде тыйым салынған заттарды мекеме аумағына алып өту әрекетінің жолы кесілді.

    #ЗАҢМЕНТӘРТІП

    ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы" жаңалықтары