ҚР ІІМ Ұлттық ұланының офицері алтын ұрлады деген күдіктіні ұстады

    Өскеменде ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 3477 әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Бақтияр Өмірзақ қызметтен үйіне келе жатып, күдікті азаматты ұстауға көмектесті.

    Ұландық офицер тұрғын үйлердің ауласында қашып бара жатқан адамды көреді. Оның артынан жүгірген әйел офицерден алтын бұйымдарын ұрлап кеткен адамды ұстауға көмек сұрайды.

    Майор Өмірзақ мектеп стадионының аумағында оны қуып жетеді. Оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақырып, ұрыны табыстайды.

    — Мен ол азаматшаға көмек қажет екенін түсіндім де, бейжай қалмай, бірден әрекетке көштім. Бар мақсатым — қашқынды жіберіп алмай, сақшыларға тапсыру болды, - дейді Бақтияр Өмірзақ.

    Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің бұл әрекеті азаматтарға көмек берудің және қызметтен тыс уақытта да азаматтық жауапкершілік танытудың жарқын үлгісі болды.

    #ЗАҢМЕНТӘРТІП

    ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы" жаңалықтары