ОТЫРАР: «БАЛДЫРҒАН-1» БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫ» МКҚК-ДА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 / 6
    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің тексеру тағайындау актісіне сәйкес үстіміздегі жылдың 29 қазан күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты «Балдырған-1» бөбекжай балабақшасы» МКҚК-на жоспардан тыс тексеру жүргізді.
    Жүргізілген тексерудің мақсаты – қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын бақылау, анықталған мәселелерді зерделеу және тиісті бағыттар бойынша заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.
    Тексеру барысында Мадина Сейдуалықызы мекемедегі еңбек қатынастарында еңбек шарттарын рәсімдеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының тәртібі, еңбекке ақы төлеу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы мәселелеріне назар аударылды.
    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарының сақталуын бақылау, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету және еңбек қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, еңбек қатынастары саласында түсіндірме жұмысын жүргізді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары