СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕП ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

    1 / 4
    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударуда.
    Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау деңгейін арттыру және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін нығайту мақсатында бүгін Департамент басшысының орынбасары – Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Төлендиев Мұрат Сағынұлы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізді.
    Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің заңдылық пен әділдік қағидаттарын ұстануы, қызметтік міндеттерді адал орындауы және азаматтармен қарым-қатынас кезінде әдеп нормаларын сақтауы мәселелері талқыланды.
    Сонымен қатар, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, мүдделер қақтығысының алдын алу, азаматтардың өтініштерін қарау кезінде ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.
    Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы, сөйлеу мәдениеті, азаматтармен сыпайы қарым-қатынасы және қызметтік тәртіпті сақтауы мемлекеттік органның беделін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
    Жиын соңында департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және қызметтік әдеп қағидаларын қатаң сақтау, өз міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындау қажеттігі ескертілді.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызметтік әдеп талаптарын сақтау – мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен халық сенімін арттырудың маңызды шарты.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары