Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан облысы әкімі аппаратымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы жылдың ІV тоқсанына бірыңғай өңірлік қабылдау кестесіне сәйкес 2026 жылдың 4 қараша күні Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлының төрағалығымен «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өтініштері мен мәселелерін қарау және еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында департамент басшысы азаматтарды жеке қабылдап, олардың еңбек қатынастарына, еңбек шарттарын жасасу мен бұзуға, жалақының уақытылы төленуіне, еңбек демалысына, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қатысты сұрақтарына жауап берді. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері мен көтерген мәселелері мұқият тыңдалып, қолданыстағы еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әрбір өтініш бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдау жолдары түсіндірілді. Ашық есік күнінің басты мақсаты – азаматтар мен мемлекеттік орган арасындағы өзара байланысты нығайту, еңбек құқықтарының бұзылуының алдын алу, халыққа мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету және туындаған мәселелердің оң шешілуіне ықпал ету. Департамент азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету және халықпен ашық әрі тиімді диалог орнату бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.
Еңбек адамы – ел дамуының тірегі, қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуіне үлес қосатын құрметті тұлға. Бүгін көп жылғы адал еңбегімен, кәсіби біліктілігімен және жауапкершілігімен ерекшеленген азамат, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша Департаментінің ардагері Сейтқазин Асқар Сейтқазыұлы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Департамент басшысы Әліш Амангелді Салхудинұлы аталған марапат – еңбек жолындағы табанды қызметтің, кәсібіне деген адалдықтың және қоғам игілігі жолындағы елеулі еңбектің лайықты бағасы екендігін атап өтіп, Асқар Сейтқазыұлына Еңбек министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі салтанатты түрде табысталып, көп жылғы адал еңбегі мен кәсіби қызметіне көрсетілген құрметтің белгісі ретінде арнайы сый-сияпат ұсынылды. Бұл – саналы ғұмырын еңбекке арнап, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кейінгі ұрпаққа үлгі болып жүрген азаматқа көрсетілген зор құрмет. Департамент ұжымы атынан «Еңбек ардагері» Сейтқазин Асқар Сейтқазыұлын арнайы марапатымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр және толағай табыстар тілейміз! Еңбегіңіз әрдайым еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ! ЕГЕРДЕ СІЗГЕ: – Еңбек демалысыңыз кестеге сәйкес берілмесе; – Жалақыңыз (зейнетақы жарналарыңыз бен тиісті әлеуметтік төлемдеріңіз) уақытылы немесе толық төленбесе; – Негізсіз тәртіптік жаза қолданылса; – Мереке, демалыс күндері заңсыз жұмысқа тартылсаңыз; – Үстеме жұмыстарға қосымша ақы төленбесе; – Жұмыс берушіңіз жазатайым оқиғадан сақтандыру шартымен келісім-шартқа тұрмаса; – Жазатайым жағдайларды жасыру фактілері орын алған болса; – Жұмыста қорғану құралдары берілмесе; – Жұмыс берушіңіз еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібін жүргізбесе немесе басқа да еңбек құқығыңыз бұзылды деп есептесеңіз – Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті қызмет көрсетуге дайын!
Бүгін Департамент басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлының төрағалығымен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетеніің Түркістан облысы бойынша департаментінде өңір тұрғындарының еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша өтініштері тыңдалды. Қабылдау барысында азаматтар еңбек қатынастарына, еңбек шарттарын жасасу және бұзу тәртібіне, жалақының уақытылы төленуіне, еңбек демалысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарының сақталуына қатысты өздерін толғандырған мәселелерді көтерді. Қабылдау барысында Департаменттің Талдау жұмысы бөлімінің басшысы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы азаматтардың өтінішін мұқият тыңдап, қолданыстағы еңбек заңнамасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелер бойынша тиісті құқықтық кеңестер беріліп, заң аясында шешу жолдары қарастырылды. Департамент азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және тұрғындардың өтініштеріне уақтылы жауап беру бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударуда. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау деңгейін арттыру және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін нығайту мақсатында бүгін Департамент басшысының орынбасары – Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Төлендиев Мұрат Сағынұлы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізді. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің заңдылық пен әділдік қағидаттарын ұстануы, қызметтік міндеттерді адал орындауы және азаматтармен қарым-қатынас кезінде әдеп нормаларын сақтауы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, мүдделер қақтығысының алдын алу, азаматтардың өтініштерін қарау кезінде ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы, сөйлеу мәдениеті, азаматтармен сыпайы қарым-қатынасы және қызметтік тәртіпті сақтауы мемлекеттік органның беделін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жиын соңында департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және қызметтік әдеп қағидаларын қатаң сақтау, өз міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындау қажеттігі ескертілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызметтік әдеп талаптарын сақтау – мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен халық сенімін арттырудың маңызды шарты.
25 қазан-Республика күні — Қазақстанның мемлекеттілігі мен тәуелсіздікке ұмтылысын айқындайтын ұлттық мереке. Бұл күн халқымыздың азаттық жолындағы тарихи қадамын, елдік мұратын және болашаққа деген сенімін білдіреді. Республика күнінің тарихы 1990 жылғы 25 қазаннан басталады. Дәл осы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны» қабылдады. Бұл құжат Қазақстанның мемлекеттік дербестігін нығайтуға жол ашқан маңызды тарихи шешім болды. Декларацияда республиканың аумағының тұтастығы, өз заңдарының үстемдігі, табиғи байлықтарына иелік етуі және дербес мемлекеттік саясат жүргізу қағидаттары көрініс тапты. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Осылайша, 1990 жылғы 25 қазандағы декларация еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы маңызды тарихи белестердің біріне айналды.