Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде ағымдағы жылдың 10 айында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 3 052 арыз-шағым тіркеуге алынып, олардың 2 954 қаралып заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді. Осы арыздардың негізінде мекемелер мен кәсіпорындарда 291 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 422 заң бұзушылық анықталды.
Тіркелген арыз-шағым – 3 052;
Заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді – 2 954;
Тексеру жүргізілді – 291;
Заң бұзушылық анықталды – 422.
Нұсқама берілді – 203;
Хаттама жасалды – 246;
Салынған айыппұл – 47,1 млн. теңге;
Өндірілген айыппұл – 42,1 млн. теңге.
Жазатайым оқиға орын алды – 32;
Адам зардап шекті – 39;
Адам жұмыс орнында қайтыс болды – 5.
222 – азаматтардың мәселелері жеке қабылдауда толық қаралып, еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме берілді.
Ақпарат Gov.kz, Facebook, Instagram, Tiktok, Telegram, Threads әлеуметтік желілерінде жарияланымдар мен видеороликтер арқылы шығарылды – 789.
5 425 – белсенді кәсіпорын жұмыс жасайды
4 253 – мекемеде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары жасалды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








