Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында сарбаздарға академияның білім беру бағыттары, қабылдау талаптары, үміткерлерге қойылатын талаптар және оқу аяқталғаннан кейінгі қызметтік мүмкіндіктер туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, құтқарушы мамандығының маңыздылығы, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғаудағы жауапкершілік жөнінде айтылды.
Іс-шараның мақсаты – әскери қызметшілер арасында құтқарушы мамандығын насихаттау және олардың ТЖМ жүйесінде білім алып, қызмет етуге деген қызығушылығын арттыру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








