Жиында өтініштерді қарау мерзімдері, тыңдау рәсімі және бюрократияны азайту мәселелері талқыланды.
2026 жылғы 30 қазанда Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Заң бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолдану мәселесін қарастыру» тақырыбында оқу семинары өткізілді. Іс-шара Департамент бастығының орынбасары А. Акимниязовтың төрағалық етуімен, құрылымдық және аудандық бөлімшелердің жеке құрамының қатысуымен өтті.
Оқу семинары барысында ӘРПК нормаларын іс жүзінде қолдану кезінде туындайтын практикалық мәселелер жан-жақты қаралды. Атап айтқанда, өтініштер түрлерін дұрыс саралау, оларды қарау мерзімдерін қатаң сақтау және міндетті түрде тыңдау рәсімін жүргізу тәртібі сөз болды. Сондай-ақ қатысушыларға азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, шешім қабылдау үдерісінде бюрократиялық кедергілерді азайту және құқықтық мәдениетті жоғарылату бойынша нақты ұсынымдар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







