1 / 6
Сауран ауданының ТЖБ жылыту маусымына дайындық аясында тұрғын үйлерге газ және түтін датчиктерін орнатуда.
Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық «Ата-анаңның үйін тексер» акциясын жалғастыруда.
Профилактикалық іс-шара барысында мамандар тұрғын үйлерді аралап, газ пен түтінді анықтайтын арнайы датчиктерді орнатты және олардың өмірді сақтап қалудағы маңызын түсіндірді. Құтқарушылар тұрғындарды ата-аналары мен жақындарының үйіндегі өрт қауіпсіздігін бақылауға шақырады.








