Түркістан қаласының тұрғындарына жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 5

    Түркістан қаласында жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

    Іс-шара барысында тұрғындарға пештерді қауіпсіз пайдалану, мұржаларды уақтылы тазалау, электр жылыту құрылғыларын дұрыс қолдану және электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеу қажеттігі түсіндірілді.

    Сонымен қатар, газдан уланудың алдын алу, үй-жайларды тұрақты желдету және көміртек тотығын анықтайтын дабыл құрылғыларын орнатудың маңыздылығы айтылды.

    Құтқарушылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмауға және балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады.

    Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр отбасының амандығының кепілі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары