ТЖД мамандары волонтерлерге алғашқы көмек көрсету, іздестіру жұмыстары және қауіпсіздік ережелерін үйретті.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде мобильді волонтерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету дағдыларын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындық жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында қатысушылар төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарды пысықтап, негізгі бағыттар бойынша маңызды білім алды. Атап айтқанда, волонтерлер алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, судағы және қысқы кезеңдегі қауіпсіздік ережелерін меңгерді. Сонымен қатар іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және кәсіби төтенше жағдайлар қызметтерімен жедел өзара іс-қимыл жасау тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Бұл бастама өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алуға және дағдарыстық жағдайларда еріктілердің кәсібилігін арттыруға зор үлес қосады.









