Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров 2026–2028 жылдарыМемлекетаралық монополияға қарсысаясат жөніндегі кеңеске (ММҚСК) төрағалық етеді. Тиісті шешім 29 қазанда Әзербайжанның Ханкенді қаласында өткен Кеңестің 61-отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қолдауымен қабылданды.
Бұл шешім Қазақстанның Достастық мемлекеттерінің монополияға қарсы саясатын үйлестіру ісіне қатысуының жаңа кезеңін ашады. Төрағалық ету аясында бәсекелестікті қорғау, монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру және құқық қолдану практикасы бойынша тәжірибе алмасу салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту көзделеді.
Мемлекетаралық монополияға қарсысаясат жөніндегі кеңес1993 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үкіметтері басшылары қол қойған Монополияға қарсы келісілген саясатты жүргізу туралы шарт негізінде құрылған. Кеңес ұлттық монополияға қарсы органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, бәсекелестікті дамытуға, сондай-ақ бәсекелестікке қарсы іс-қимылдардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі келісілген тәсілдерді әзірлеуге ықпал етеді.
ММҚСКқызметінің негізгі бағыттарының бірі – трансшекаралық маңызы бар нарықтарда бірлескен зерттеулер мен тергеп-тексерулерді үйлестіру. Осы мақсатта Кеңес жанынан Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша бірлескен тергеп-тексерулер штабы жұмыс істейді. Оның қызметі әуе тасымалы, телекоммуникация, мұнай өнімдері, фармацевтикалық өнімдер және бөлшек сауда нарықтарын қамтиды. Картельдік келісімдерге қарсы іс-қимылға да ерекше назар аударылады.
Қазіргі уақытта цифрлық экономиканың дамуы мен бизнесті жүргізудің жаңа модельдерін ескере отырып, ММҚСК -нің халықаралық күн тәртібі кеңейіп келеді. Өзекті мәселелердің қатарында жасанды интеллектінің бәсекелестікке ықпалы, цифрлық нарықтарды реттеу, дәрілік заттардың бағасын қалыптастыру, роуминг қызметтерінің құны және биржалық сауданы дамыту мәселелері бар.
Қазақстанның 2026–2028 жылдарыММҚСК-ке төрағалық етуі бәсекелестікті қорғау тәсілдерін жақындастыру, бірлескен тергеп-тексерулерді дамыту және ТМД мемлекеттерінің монополияға қарсы органдары арасында практикалық шешімдермен алмасу жөніндегі жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.









