Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Агенттік туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбындағы дебатқа қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының философиясында көрініс тапқан рухани-адамгершілік құндылықтардың өзектілігін, сондай-ақ олардың мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметіндегі маңызын талқылады. Азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, қызметтік міндеттерді адал орындау және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Дебат қорытындысы бойынша Агенттік қызметкерлері іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін дамытуға, адамгершілік қағидаттарын нығайтуға және Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын мемлекеттік қызметшілер арасында кеңінен насихаттауға ықпал етеді.
Агенттік ұжымдық рухты дамытуға, қызметкерлердің белсенділігін арттыруға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және ұжымда жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған «Құндылықтар фестивалі» корпоративтік іс-шарасын өткізді. Фестиваль аясында қызметкерлер мемлекеттік қызмет құндылықтарына, олардың маңыздылығына және кәсіби қызметте тәжірибеде қолданылуына арналған шығармашылық және ақпараттық материалдарды ұсынды. Ұсынылған жұмыстарда кәсіби этика, жауапкершілік, адалдық, мемлекеттік қызмет принциптерін сақтау және қызметтік мінез-құлықтың жоғары мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Шара қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет құндылықтарын жеткізуде мазмұнды және шығармашылық көзқарасты көрсететін үздік жұмыстар таңдалды. Белсенділік танытып, танымдық материалдар дайындағаны үшін Алматы қалалық мемлекеттік қызмет басқармасы, Жетісу аудандық мемлекеттік қызмет басқармасы және Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы алғыс хаттармен марапатталды. Құндылықтар фестивалі қызметкерлерді мемлекеттік қызметтің ортақ қағидаттары төңірегінде біріктіруге, тәжірибе алмасуға және олардың күнделікті кәсіби қызметінде құндылықтарға негізделген тәсілдің маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік берді.
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ. Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды: - «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары; - «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері; - «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері; - «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары; - «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар; - «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер; - «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар. Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді. Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі. Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге. Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады. «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді. «Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз. Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков. Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Қатысушылардың қосылуы Qosyl платформасы арқылы жүзеге асырылды. Спикер ретінде Агенттіктің Әкімшілік-қаржы департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағат басқармасының бас консультанты Баян Сапабекқызы Бөлекова сөз сөйледі. Іс-шара барысында жас мамандар мен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметкерлерге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік тілді қызметтік қызметте қолдану, тіл мәдениеті мен іс жүргізу сапасын арттыру, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімін дамытуға қосқан үлесі талқыланды. Кездесу соңында қатысушылар мемлекеттік тілді кәсіби қызметте кеңінен қолдану бойынша пікір алмасып, практикалық ұсынымдармен бөлісті.
Агенттікте психобелсенді заттарды тұтынудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болуына, сондай-ақ көлік құралдарын масаң күйде басқаруына жол бермеу мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық санасы мен қызметтік тәртібін арттыру, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында өткізілді. Шақырылған спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері сөз сөйлеп, психобелсенді заттарды тұтынудың және осыған байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алудың құқықтық және медициналық аспектілері туралы ақпарат берді. Семинар барысында қатысушыларға заңнаманың негізгі талаптары, мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігі, белгіленген мінез-құлық нормаларын сақтау және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелері түсіндірілді. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, практикалық ұсынымдармен танысты. Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және мемлекеттік қызмет талаптарына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.
2026 жылдың 1 қазан жағдайына Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуын бақылау нәтижелері туралы есеп
2026 жылдың 1 қазан жағдайына Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуын бақылау нәтижелері туралы есеп Индекс: нысан: 1-МАБП Өкілдер : Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілігі 627- Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ММ Қайда ұсынылады: Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға Мерзімі: айлық есеп Ұсынылу уақыты: Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға есепті айдан кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бюджет түрі: республикалық мың тенге Код Атауы Жылдық жиынтық қаржы жоспары Есепті кезеңге қаржы жоспары Қабылданған міндеттемелер Төленген міндеттемелер Орындалу % Жылға арналған жоспардың орындалуы % күтілетін орындалу ) Төлемдер жоспарының орындалмауы ББӘ Бағдарлама Кіші бағдарлама міндеттемелер төлемдер 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 627 Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ММ 4 134 405,9 3 385 719,9 3 256 072,9 3 051 130,7 2 915 548,7 89,5 4 134 405,9 100 -340 524,2 Ағымдағы бағдарлама 001 Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету 4 115 676,0 3 366 990,0 3 238 940,0 3 033 301,5 2 901 169,6 89,6 4 115 676,0 100 -337 770,5 627 001 100 Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету 248 173,0 184 692,0 184 692,0 170 421,6 170 335,1 92,2 248 173,0 100 -14 356,9 104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету 259 200,3 259 200,3 195 060,3 60 769,0 33 275,7 17,1 259 200,3 100 -161 784,6 111 Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігініңкүрделі шығыстары 4 126,0 4 126,0 4 126,0 3 745,6 3 745,6 90,8 4 126,0 -380,4 123 Ағымдағы әкімшілік шығыстар 3 604 176,7 2 918 971,7 2 855 061,7 2 798 365,3 2 693 813,2 94,4 3 604 176,7 100 -161 248,6 138 Мемлекеттік ќызметшілердіњ біліктілігін арттыруын ќамтамасыз ету 10 329,9 10 329,9 8 732,9 10 329,8 6 879,8 0,0 10 329,9 100 -1 853,1 164 Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету 8 400,0 8 400,0 8 400,0 7 499,4 7 499,4 0,0 8 400,0 100 -900,6
Жарияланды:
Есеп
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2026 жылғы ІІI тоқсан бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету туралы талдамалық анықтама
Қосымша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2026 жылғы ІІI тоқсан бойыншамемлекеттік қызметтер көрсету туралыталдамалық анықтама 1.Мемлекеттік қызметтер түрі: Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен(бұдан әрі - Агенттік)2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: -«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау»; -«Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру». 2.Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамалар: -Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №29 бұйрығымен бекітілген «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; -Агенттік төрағасының 2021 жылғы 2 сәуірдегі №6 бұйрығымен бекітілген «Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары. 3.Мемлекеттік қызметтер көрсету саны мен сапасы бойынша ақпарат: 1)«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет бойынша: «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтініштерді қарау» мемлекеттік қызметі электрондық түрде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде(https://elicense.kz/)жүзеге асырылады. 2026 жылдың ІІІ тоқсанында 47 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: - 28 өтінішхаттар есепті кезеңде қаралды(келісім берілді – 7, мәміле сұрау салуға және талдау жүргізуге байланысты тоқтатылды – 18, монополияға қарсы органның келесімін талап етпейді – 3 ); - қаралуда – 3; - 2026 жылдың І және ІІ тоқсандарында келіп түскен 16 өтінішхат бойынша экономикалық шоғырлануға келісімдер берілді. 2)«Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша: «Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметі электрондық түрде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде(https://elicense.kz/)жүзеге асырылады. 2026 жылдың ІІІ тоқсанында «Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша тауар биржасы қызметіне 1 лицензия берілді: - тауар биржасы секторындағы клирингтік қызметті жүзеге асыруға 0 лицензия; - тауар биржасы саласында делдалдық қызметті жүзеге асыруға 1 лицензия. Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ. «Мониторинг» ИАЖ-не сәйкесмемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзу және көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Жарияланды:
Хаттама
Солтүстік Қазақстан облысының кедергілер жөніндегі кеңесі отырысының 10.04.2026 жылғы № 2 хаттамасы
Протокол СБ №2 10.04.2026.pdf
Жарияланды:
Хаттама
Солтүстік Қазақстан облысының кедергілер жөніндегі кеңесі отырысының 31.03.2026 жылғы № 1 хаттамасы
Протокол СБ №1 от 31.03.26.pdf
Жарияланды:
Ақпарат
ҚР БҚДА жанындағы Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңесінің отырысы өтті
2026 жылғы 14 қазандаҚазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңесінің отырысы(бұдан әрі – Кедергілер жөніндегі кеңес)А.Ж.Бикебаевтың төрағалығымен бейнеконференцбайланыс арқылы, Кедергілер жөніндегі кеңес мүшелерінің, құрылымдық бөлімшелер, мемлекеттік органдар өкілдерінің, нарық субъектілерінің қатысуымен өтті. Отырыста«Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ-ны Нарық кеңесі – Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңында белгіленген функциялары бар коммерциялық емес ұйым ретінде айқындау әкімшілік кедергісі жөніндегіпроблемалық мәселесі қайта қаралды. Бұдан тыс,Ақтау қаласының аумағында кинопрокат қызметтері тауар нарығына кіру жөніндегі проблемалық мәселе қаралды. Сондай-ақ, Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаментінің директорыКедергілер жөніндегі кеңестің қызметін нақты регламенттеу қажеттілігі туралы ЭЫДҰ-ның ұсынымын орындау жөніндегі ақпаратты жеткізді.
Жарияланды:
Хаттама
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңесі отырысының хаттамасы