ҚАЗАҚСТАН МОНОПОЛИЯЛҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

    1 / 2

    Әзербайжанның ХанкендіқаласындаМемлекетаралық монополияға қарсысаясат жөніндегі кеңестің (ММҚСК) 61-отырысы аяқталды. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов бастап барды.

    Отырыс барысында Қазақстан делегациясы монополияға қарсы саясат саласында заманауи реттеуші ортаны қалыптастыру, оның ішінде жүйелі кедергілерді жою, тергеп-тексерулер жүргізу және мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту бағыттарында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырды.

    Жыл басынан бері тоғыз жүйелі кедергі жойылып, олардың экономикалық тиімділігі 400 млрд теңгеге бағаланды. 49 монополияға қарсы тергеп-тексеру аяқталып, 112 хабарлама шығарылды. Оларды ерікті түрде орындау деңгейі 83%-дан асады.

    Мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту жұмыстары аясында 16 мың мемлекеттік кәсіпорынның қызметіне талдау жүргізіліп, бәсекелес ортаға беру үшін 473 нысаннан тұратын тізбе қалыптастырылды. Күтілетін экономикалық тиімділік 6,4 трлн теңгені құрайды.

    Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ұсынымдарын ескере отырып, монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру мәселесіне ерекше назар аударылды. Агенттік құқық бұзушының жылдық табысының 0,5%-ы мөлшерінде айналымнан есептелетін айыппұлдарға көшу, тергеп-тексеру мерзімін үш айдан тоғыз айға дейін ұзарту және оны тағы үш айға ұзарту мүмкіндігін енгізу, сондай-ақ елеулі бұзушылықтар кезінде алдын алу шараларын қолдануды шектеу жөнінде түзетулер әзірледі.

    Сонымен қатар цифрлық платформалар мен сауда желілерінің үстем жағдайын айқындау тәсілдерін жетілдіруді көздейтін Монополияға қарсы алтыншы топтаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

    Бақылау тиімділігін арттыру мақсатында Antitrust платформасын және картельдік сөз байласуларды анықтауға, тарифтер мен нормативтік құқықтық актілерді талдауға арналған жасанды интеллект жүйелерін қоса алғанда, цифрлық құралдар енгізілуде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі" жаңалықтары