Төлеби ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауға дайындық мәселелері талқыланды

    1 / 2

    Департамент Төлеби ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік лицензиялауға дайындық бойынша төтенше жағдайлар, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, Білім беруді дамыту орталығының өкілдерімен бірлесіп мектепке дейінгі ұйым басшыларына ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

    Кездесуде қатысушыларға лицензиялаудың негізгі талаптары, құжаттарды рәсімдеу тәртібі, өрт қауіпсіздігі мен санитариялық нормаларды сақтау мәселелері түсіндірілді.

    Кездесу ашық әрі мазмұнды пікір алмасу форматында өтіп, балабақша басшылары лицензиялауға дайындық барысында туындайтын өзекті мәселелерді ортаға салды. Қойылған сауалдарға сала мамандары тарапынан нақты жауаптар мен практикалық ұсынымдар берілді.

    Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауға даярлау бағытындағы түсіндіру жұмыстары жалғасады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары