Лицензиялауға дайындық: түсіндіру жұмыстары Түлкібас ауданында жалғасты

    1 / 4

    Департамент басшысы К.Ауанасова, лицензиялау бөлімінің басшысы С.Пахымбеттің қатысуымен алдағы жылдан бастап енгізілетін мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік лицензиялауға қойылатын талаптар бойынша даярлау бағытында Түлкібас ауданында кезекті кездесу өтті.

    Кездесуге, сондай-ақ аудандық білім бөлімінің басшылығы, төтенше жағдайлар басқармасы, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, Білім беруді дамыту орталығының өкілдері мен балабақша басшылары қатысты.

    Жиында лицензия алудың негізгі талаптары, «E-лицензиялау» жүйесі арқылы өтініш беру тәртібі, құжаттарды рәсімдеу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі мен санитариялық нормаларды сақтау мәселелері түсіндірілді.

    Ашық пікір алмасу барысында балабақша басшылары дайындық кезінде кездесетін қиындықтарды ортаға салып, нақты жауаптар мен практикалық ұсынымдар алды.

    Басты мақсат – әрбір мектепке дейінгі ұйымның лицензиялауға жан-жақты дайын болуын қамтамасыз ету және балалар үшін қауіпсіз әрі сапалы білім беру ортасын қалыптастыру.

    Осы бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өңірдің өзге аудандарында да жалғасын табуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары