Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

    Департамент туралы

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құзыреті шегінде білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.

    Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады

    2026 жылдың 19-29 наурыз аралығында қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Осы кезеңдегі бос уақытты мазмұнды өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылады. Демалыстың әр күні «Наурызнама» онкүндігімен үйлесім тауып, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналады. Оқушылар «Таза Қазақстан» , «Еңбек адамы» және «Заң мен тәртіп» бағыттарындағы танымдық жобаларға қатысады, сондай-ақ дәстүрлі «Жер сағаты» акциясына атсалысып, азаматтық ұстанымдарын бекемдейді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да бірқатар іс- шаралар жоспарланып отыр. Ата-аналармен бірлесе отырып жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі және киберкеңістіктегі сақтық шаралары бойынша кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

    13 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Педагогтер арасында анонимді және ерікті түрде онлайн-сауалнама

    ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТАР! Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының нормаларын қолдану тәжірбиесі бойынша педагог қызметкерлердің пікірін зерделеу мақсатында педагогтер арасында анонимді және ерікті түрде онлайн-сауалнама жүргізілуде. Сауалнама тек қоғамдық, ақпараттық-талдамалық сипатқа ие. САУАЛНАМА ТОЛЫҚТАЙ ҚҰПИЯ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ • АТЫ-ЖӨНІҢІЗ БЕН ЖҰМЫС ОРНЫҢЫЗДЫ КӨРСЕТУ ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ • ТОЛТЫРУ УАҚЫТЫ 2 МИНУТТАН АСПАЙДЫ Сауалнама нәтижелері педагогтерді қолдау жөніндегі тиісті шараларды жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу және талдау жүргізу үшін жинақталған түрде пайдаланылатын болады. 🔗 Сауалнамаға қатысу үшін сілтемеге өтіңіз: 👉 https://forms.gle/j2HAJswFtNqDeobLA Қатысқаныңызға алғыс білдіреміз!

    6 ақпан 2026 ж.Тікелей
    Бұйрық

    Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2027 жылғы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізімі

    Жарияланды:
    Есеп

    Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылдың 9 ай есебі бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі

    Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылдың 9 ай есебі бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі – Департамент)құзыреті білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу арқылы білім саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет көрсету мен мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу болып табылады. Мемлекеттік бақылау шаралары. Мемлекеттік аттестаттау нәтижесі бойынша: Департаменттің 2026 жылы мемлекеттік аттестататудан өтетін білім беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес 505 білім беру ұйымында (450 балабақша, 54 мектеп, 1 колледж) мемлекеттік аттестаттау жүргізу жоспарланған. Ағымдағы жылдың 9 ай есебі бойынша 311(17 мемлекеттік, 294 жекеменшік) мектепке дейінгі білім беру ұйымында (бұдан әрі – Балабақша) мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Ағымдағы жылдың қаңтар айына жоспарланған 40 балабақшада ескі қолданыстағы Білім туралы Заң талаптары бойынша мемлекеттік аттестаттау жүргізіліп, 7 (17,5%) балабақша қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі МДТО МЖМБС) сәйкес келеді деп есептелініп, аттестатталды, ал 31 балабақшада қайта мемлекеттік аттестаттау жүргізіліп, МДТО МЖМБС талаптарына сәйкестігі анықталды. 2 балабақшаның мемлекеттік аттестаттау барсыныда анықталған МЖМБС талаптарында орын алған сәйкессіздікті жою мерзімі қараша, желтоқсан айына белгіленген. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттік аттестаттау жаңа форматта, қолданыстағы Заң талаптары бойынша жүргізілуде. Мамыр-қыркүйек айына дейін 271 (13 мемлекеттік, 258 жекеменшік) балабақшада мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Нәтижесінде, 5 (1,8%) балабақшақызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МДТО МЖМБС талаптарына сәйкес деп танылып, мемлекеттік аттестаттаудан өтті. Ал, қалған 266 (98,2%) балабақша қызметінде білім беру стандартының талаптарында сәйкессіздіктер анықталып, бару арқылы мемлекеттік аттестаттауға қалдырылды. Оның ішінде 9 ай есебі бойынша 155 (11 мемлекеттік, 144 жекеменшік) балабақшада бару арқылы мемлекеттік аттестаттау жүргізіліп, 4жекеменшік балабақша қызметі мемлекеттік аттестаттау талабына сәйкес емес деп танылып, мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді. Қалған 107 (1 мемлекеттік, 106 жекеменшік) балабақшада бару арқылы мемлекеттік аттестаттау жүргізу қазан, қараша, желтоқсан айы деп белгіленді. 4 балабақшаның қызметі уақытша тоқтатылған. Мемлекеттік аттестаттау барысында МЖМБС талаптарын орындауда жалпы ортақ анықталған бұзушылықтар: Балабақша бойынша: 80 балабақшада жұмыс жоспарлары мен алқалы органдар отырыстары хаттамаларының талапқа сәйкессіздіктер (Қазығұрт ауданында – 21, Сарыағаш ауданында – 14, Келес ауданында – 10, Сайрам ауданында – 9, Түркістан қаласында – 6); 60 балабақшада балаларды жас ерекшеліктеріне қарай топтарға қалыптастырудағы сәйкессіздіктер (Қазығұрт ауданында – 11, Түркістан қаласында – 10, Сарыағаш ауданында – 8, Сайрам ауданында – 5, Жетісай ауданында – 4); 39 балабақшада ата-аналарды тәрбие-білім беру процесіне тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуінде сәйкессіздіктер (Сарыағаш ауданында – 7, Түркістан қаласында – 6, Сайрам ауданында – 5, Қазығұрт ауданында – 5); 37 балабақшада педагогтердің біліктілік санатын арттыру және растау бойынша тиісті жұмыстардың жүргізілмегені анықталды (Түркістан қаласы мен Сарыағаш ауданында – 8 , Сайрам ауданында – 5, Созақ ауданында – 4, Кентау және Жетісай қалаларында – 3); 32 балабақшада дамытушы ортаны қалыптастыру бойынша сәйкессіздіктер (Сарыағаш ауданында – 5, Түркістан қаласы мен Сайрам ауданында – 4 , Созақ ауданында – 4, Келес және Арыс аудандарында – 3); 28 балабақшада оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау бойынша мониторингтің тиісті деңгейде жүргізілмеуі (Сарыағаш ауданында – 8, Созақ ауданында – 4, Келес және Түркістан қаласында – 3); 28 балабақшада мониторинг нәтижелерін жүйелі түрде талдау, балалардың меңгеру деңгейіндегі қиындықтарды анықтау және оның қорытындысы бойынша түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастырудағы баланың жеке даму картасындағы сәйкессіздіктер(Сарыағаш ауданында – 8, Созақ ауданында – 4, Келес және Түркістан қаласында – 3); 27 балабақшада балабақша басшыларының біліктілік талаптарына сәйкессіздіктер анықталды. Білім беру ұйымдарының басшыларына қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын тұрақты зерделеу және қажет болған жағдайда басшы кадрлардың кәсіби дамуына бағытталған шараларды ұйымдастыру маңызды (Түркістан қаласында – 6, Сарыағаш ауданында – 5, Жетісай, Созақ және Кентау қалаларында – 3). Бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесі Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына бекітілген тізімдегі 7 білім беру ұйымының (2 мектеп, 5 балабақша) 1 жартыжылдық есебімен 5білім беру ұйымында (2 мектеп, 3 балабақша) ағымдағы жылы бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді. Нәтижесінде, 7білім беру ұйымына анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама берілді. Білім беруді басқару органдарына жүргізілетін жоспарлы тексеру Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрінің 19.12.2025 жылғы «2025 жылы жоспарлы тексеруге жататын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының тізбесін бекіту туралы» № 294 бұйрығымен облысымызда жоспарлы 5 аудандық білім бөліміне (Түркістан қаласы, Төлеби, Сайрам, Сарыағаш, Сауран) тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 59-1-бабы «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының қызметі бойынша қойылатын талаптарын» орындауда бұзушылықтарға жол берген. Білім бөліміне қатысты жүргізілгенжоспарлы тексеру барысында Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» №319 Заңының 59-1 бабы, 3-тармағының 6), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 17), 18) тармақшалары бойынша бұзушылықтар анықталып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Анықтлған заң бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау, алдын алу жұмыстарын өз құзыреті шегінде тиісті жұмыстар жүргізу бойынша Түркістан облысының білім басқармасына хат жолданды. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер Департаментке 2026 жылдың 9 ай есебі бойынша Е-Өтініш порталы арқылы 1137 өтініш (арыз 969, шағым 76,ұсыныс, сұрау салу6,басқа түрері86)тіркелген. Оның ішінде, 469 өтінішті өз құзыреті шегінде қарау үшін жолданған. Бір арыз иесінің өтініші басқа мемлекеттік органдарынан қайталанып келуіне байланысты 270 дубликат келіп түскен. Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 70-бабы 1-тармақ 3), 4)тармақшаларына сәйкес әкімшілік рәсімді тоқтатылған өтініштер саны – 232; Қаралған өтініштер саны – 437. Жоспардан тыс тексерулердің жалпы сипаттамасы бойынша: 2026 жылдың қорытынды есепті кезеңінде департамент тарапынан білім беру ұйымдарында барлығы 48 жоспардан тыс тексеру жүргізілді (34 мектеп (33 мемлекеттік, 1 жекеменшік), 4 балабақша, 1 колледж, 2 білім басқармасы, 7 білім бөлімі). Тексерумен қамтылған субъектілердің ведомстволық бағыныстылығы мен түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей нақтыланды: Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесінде білім беру заңнамасы талаптарының бұзылуын жою және әкімшілік өндірісті қамтамасыз ету бағытында келесі құқықтық шаралар қабылданды: * 34 анықталған заңбұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама берілді (33 – мемлекеттік мектептерге, 1 – жекеменшік мектепке). * 27 құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде орта білім беру мекемелеріне – 23 (22 мемлекеттік, 1 жекеменшік), мектепке дейінгі ұйымдарға – 4. Әкімшілік айыппұлдардың қолданылуы мен қаржылық көрсеткіштері: Есепті кезеңде 30 әкімшілік құқықы бұзушылық бойынша мемлекет кірісіне өндірілген жиынтық қаржы көлемі 425 АЕК құрайды. - Барлығы 10 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, салынған айыппұл сомасы 210 АЕК құрады. Оның ішінде мемлекеттік мектептерге – 90 АЕК (6 жағдай), жекеменшік балабақшаларға – 120 АЕК (4 жағдай) айыппұл салынды. - Жеке жауапкершілік белгілері бойынша 20 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылып, салынған айыппұлдың жалпы көлемі 215 АЕК құрады. Бұл санаттағы барлық әкімшілік істер материалдары тікелей мемлекеттік органның құзыреті шеңберінде қаралды. 2026 жылғы 9 ай көрсеткіштері жоспардан тыс тексерулер мен әкімшілік заңбұзушылықтардың негізгі үлесі мемлекеттік орта білім беру мекемелері мен жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға тиесілі екенін айғақтайды. Салынған айыппұлдар мен енгізілген нұсқамалардың орындалу динамикасы департаменттің қатаң бақылауында сақталады. 1.5. Әкімшілік іс жүргізу бойынша: 2026 жылдың 9 ай есебі бойынша 178 әкімшілік іс қозғалып, 14әкімшілік іс бойынша «ескерту» түрінде, 164 әкімшілік іс бойынша 4706,5 АЕК-ге тең 20 355 612,5 тг айыппұл салынды (34 лауазымды тұлға, 117 заңды тұлға, 27 жеке тұлға). Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген бөліктері Прокуратураның ұсынысы Мемлекеттік органдардың ұсынысы (Комитет, білім басқармасы, білім бөлімдері, полиция) Жоспардан тыс тексеру Сотқа жолданғаны Жалпы 409-бап 2-бөлігі 20 20 Ескерту 14 14 АЕК 22,5 22,5 Айыппұл 97 312,5 97 312,5 409-бап 3-бөлігі 4 1 5 АЕК 100 25 125 Айыппұл 432 500 108 125 540 628 409-бап 4-бөлігі 18 2 34 54 АЕК 265 30 390 685 Айыппұл 1 146 125 129 750 1 686 750 2 962 625 409-бап 6-бөлігі 12 6 18 АЕК 180 90 270 Айыппұл 778 500 389 250 1 167 750 409-бап 7-бөлігі 6 2 8 АЕК 120 45 165 Айыппұл 519 000 194 625 713 625 409-бап 7-3-бөлігі ескерту 462-бап 3-бөлігі АЕК Айыппұл 463-бап 1-бөлігі 1 1 АЕК 25 25 Айыппұл 108 125 108 125 464-бап 1-бөлігі 62 62 АЕК 2790 2790 Айыппұл 12 066 750 12 066 750 464-бап 2-бөлігі 6 6 АЕК 600 600 Айыппұл 2 595 000 2 595 000 463-бап 2-бөлігі АЕК Айыппұл 127-1-бап 2 2 4 АЕК 10 20 30 Айыппұл 43 250 86 500 129 750 Жалпы 98 34 43 3 178 Ескерту 0 14 0 0 14 АЕК 3835 282,5 550 45 4712,5 Айыппұл 16 586 375 1 221 812,5 2 378 750 194 715 20 381 652,5

    Жарияланды:
    Жол картасы

    Түркістан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ 2026 жылғы 3 тоқсанында орындалуы туралы

    Түркістан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ 2026 жылғы ІII тоқсанында орындалуы туралы № Іс-шара Орындау мерзімі 2026 жыл ІIIтоқсан орындалуы МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ 1. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2023 ж. – 99,5%; 2024 ж. – 99,3%; 2025 ж. – 99,6%; 2026 ж. –99,6%; 2027 ж. – 100%; 2028 ж. – 100%; 2023-2029 жылдар Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарға мектеп жасына дейінгі балаларды қабылдау (кезекке қою, жолдама беру, құжаттарды қабылдау, балабақшаға қабылдау, шығару) ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету №254 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға оң септігін тигізуде және мемлекеттік органдардың қатысуынсыз ата-аналар өздері таңдаған балабақшаға жолдама алуға мүмкіндігі бар. 1441 мектепке дейінгі ұйымдарда (303 мемлекеттік, 38 шағын орталық, 1138 жекеменшік, 2 арнайы мектеп-балабақшада)балалар тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтер саны: 13 380құрайды. Оның ішінде жоғары біліммен - 11 034; техникалық және кәсіптік білімі бар – 2 483; магистр дәрежесі бар – 137. Мектепке дейінгі біліммен 2-6 жас аралығындағы қамтылған балалар үлесі – 99,6% құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша; 2-6 жас – 99,6 %; 3-6 жас – 100 % ; Мектепке дейнгі ұйымдарға кезекте тұрған бала саны- 311 (2 жастан 6 жасқа дейін); Қазіргі таңда таңда Қазығұрт, Түркістан, Жетісай, Мақтарал, Сайрам, Сарыағаш, аудан қала балабақша ваучерлік қаржыландыру жүйесіне мамыр айынан бастап қосылу шартына қол қойылды. Орта білім беру 2. Апатты 1 мектептің мәселелерін шешу: 2023-2025 жылдар 1. Апатты мектептің мәселесін шешу: Облыс бойынша 1 апатты білім беру ұйымы бар. Жетісай ауданы, Жетісай ауданындағы «Сарыарқа» №57 жббм. Шешу жолы - қазіргі таңда, «Тан-1» ЖШС-і қаражаты есебінен жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сонымен қатар, аталған елді мекенде 576 орындық мектеп құрылысын салу мақсатында жеке кәсіпкер «Нүрі-Л-Жетісай» өз қаражаты есебінен тиісті құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жобаны іске асыру аясында жеке кәсіпкер мектеп ғимаратын толықтай өз қаражаты есебінен салып аяқтауды жоспарлауда (Аталған нысан 2027 жылға аяқталады деп жоспарлануда). Кейіннен қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, нысанды мемлекеттік меншікке қабылдау және оны бюджет қаражаты есебінен сатып алу жағы қарастырылатын болады. 3. «Шағын қалаларда, аудан орталықтарында жыл сайын кемінде 100 мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғырту» 2023 ж. – 108 нысан; 2024 ж. – 108 нысан; 2025 ж. – 108 нысан; 2023-2025 жылдар 2025 жылғы 41 мектепке реновацияға байланысты жаңа модификацияланған 164 пән кабинет жоспарланған (физика, химия, биология, STEM),нақты жабдықталғаны 76 пән кабинет(2020-25жж алынған)немесе 46,3%.Қалған 88 пән кабинетбүгінгі таңда, «Қазақстан халқына қоры» есебінен 2026 жылы физика, химия, биология пән кабинеттерімен қамтамасыз етілетін мектептер тізіміне аталған реновация мектептері енгізіліп, аталған мәселе толық шешімін табатын болады. Бұл бағытты бөлек бақылауға алу қажет, себебі ғимарат жөнделіп, бірақ кабинеттер жабдықталмаса, реновацияның білім сапасына әсері толық болмайды. 4. Білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу: 2023 ж. – 18 нысан; 2024 ж. – 14 нысан; 2025 ж. – 25 нысан; 2026ж. – 6 нысан; 2027ж. – 14 нысан; 2028ж. – 5 нысан; 2029ж. – 5 нысан; 2023-2029 жылдар 1. Мектептерді қайта жаңғырту (реновациялау) бағдарламасының барысы Мектептерді жаңғырту жобасына облыстың 115 мектебі реновацияға енгізілген: 2025 жылы – 41 мектеп, 2026 жылы – 38 мектеп, 2027 жылы – 36 мектеп. 2025 жылға жоспарланған 41 мектеп бойынша жалпы қаржы көлемі 19,3 млрд теңге болды. Оның ішінде 16 мектеп ағымдағы жөндеумен қамтылды, қаржысы – 3,6 млрд теңге. Күрделі жөндеумен 25 мектеп қамтылды, қаржысы – 15,7 млрд теңге. Осы 41 мектептің 26-сының жұмыстары 2025 жылы аяқталған. Қалған 15 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары 2026 жылға өтпелі, құны 6,03 млрд. теңге. Жөндеу жұмыстар жазғы демалыс кезеңінде басталып, 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін толық аяқталды. Анықтама: 2025 жылғы 41 мектеп: Түркістан қ. - 4, Сауранда - 3, Отырарда - 3, Ордабасыда - 2, Бәйдібекте - 5, Сайрамда - 3, Түлкібаста - 1, Төлебиде - 2, Қазығұртта - 2, Сарыағашта - 3, Келесте - 2, Шардарада - 4, Жетісайда - 3, Мақтааралда - 4. 2026 жылғы 38 мектеп: Арыс қ. – 3, Қазығұртта – 2, Мақтааралда – 3, Жетісайда – 6, Ордабасыда - 2, Отырарда - 1, Сайрамда - 4, Сарыағашта - 2, Келесте - 6, Түлкібаста - 1, Шардарада - 3, Кентау қ. – 1, Түркістан қ. - 1, Сауранда – 3. 2026 жылға реновация бойынша 38 мектеп жоспарланған, Қажеттілік 14,1 млрд теңге. Оның 32-сі ағымдағы жөндеу, 6-ы күрделі жөндеу. Қазіргі таңда сметалық құжаттары дайындалып, облыстық мәслихат сессиясына бюджеттік өтінімдер ұсынылуда. Сәуір айындағы маслихат сессиясында күрделі жөндеу жүргізілетін 3 мектепке 300 млн теңге ғана қарастырылды. Аталған нысандар 2027 жылға өтпелі. Анықтама: 1) Шардара ауданындағы Ұзыната мектебі – 100 млн. теңге; 2) Сауран ауданындағы Яссауи мектебі – 100. млн теңге; 3) Кентау қаласындағы №17 Ә.Науаи мектебі – 100 млн теңге. Қазіргі таңда, аталған нысандар бойынша құрылыс-монтаж анықталып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысы бойынша жеңімпаз ретінде «Construction Group «SAMRUK» ЖШС танылып, келісім-шарттар рәсімделген. Анықтама: Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының сапасы мен көлеміне техникалық бақылау жүргізетін техникалық қадағалау ұйымын айқындау мақсатында Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы жүруде. Қалған 35 мектеп бойынша қаржыландыру мәселесі шешілмеген, қажетті қаражат көлемі – 13,8 млрд теңге. 5. Мектептерде химия, биология, физика және STEAM пәндік кабинеттерін сатып алу: 2023 жылы – 240 кабинет, 75%; 2024 жылы –265 кабинет, 80%; 2025 жылы – 220 кабинет, 90%; 2026 жылы – 40 кабинет, 92%; 2027 жылы – 45 кабинет, 94%; 2028 жылы – 45 кабинет, 96%; 2029 жылы – 94 кабинет, 100%. 2023-2029 жылдар Өңірде шағын жинақты мектептерді қоспағанда, 848 мектепте 2 167 пән кабинеті бар. Оның 1 820 немесе 84% жаңа форматтағы, модификацияланған кабинеттер. Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен ауыл мектептерінде жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пән кабинеттерін жаңғырту жобасы іске асырылды. Жоба аясында шамамен 5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, 100 ауыл мектептері (о.і. 77 реновацияланған мектеп)физика, химия, биология пәндері бойынша толық жарақтандырылды. 6. Білім беру объектілерін бейнебақылау жүйелерімен қосымша жарақтандыру: 2023-2025 жылдар Облысымыздағы білім беру ұйымдарының қауіпсіздік және террористік тұрғыдан осал обьектілердің жай-күйі бойыншакелесідей. «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес, 100 адамнан асатын 1499 білім беру ұйымдары (Мемлекеттік 965 мекеме, Жекеменшік 534 мекеме) осал объектілер тізіміне енгізілген. Бүгінгі күні 100 адамнан асатын білім ошақтарының жедел басқару орталығына (ЦОУ) қосылғаны бойынша төмендегідей; Мемлекеттік 805 мектептердің 805 қосылған 100%; Жекеменшік 126 мектептің 126 қосылған 100% ; Мемлекеттік 28колледждің 28 қосылған 100%; Жекеменшік 21 колледждің 21 қосылған 100% ; Мемлекеттік 132балабақшаның 132 қосылған 100%; Жекеменшік 387 балабақшаның 387 қосылған 100% Жоғарыдағы білім нысандарын жедел басқару орталығына қосу үшін Облыстық полиция департаменті және облыстық цифрландыру басқармасымен тиісті жұмыстар атқарылуда. Турникет, Дабыл батырмасы, арнайы күзетпен қамтамасыз ету бүгінгі таңда толығымен шешілді 100%. 7. Орта білім беру ұйымдарын ішкі әжетханалармен қамтамасыз ету 2023 жыл – 100% 2023-2025 жылдар Облыстағы орта білім мекемелерінің барлығы ішкі әжетханалармен қамтамасыз етілген. Одан басқа, 70 мектептің ішкі әжетханаларының ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары есебінен шешімі табылды. 8. Орта білім беру ұйымдарын 20 мбит/с-тан жоғары жылдамдықты Интернет желісімен қамтамасыз ету 2023 жылы – 75% 2024 жылы – 80% 2025 жылы – 85% 2026 жылы – 90% 2027 жылы – 93% 2028 жылы – 97% 2029 жылы – 100% 2023-2025 жылдар Түркістан облысының әкімдігі, елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мақсатында жол картасы 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленгенін хабарлайды. Жол картасына сәйкес, облыс аумағындағы 203 елді мекенде (халық саны 250+) жаңа базалық станциялар орнатылуда және 74 елді мекенде орнатылған ұялы байланыс операторларының базалық станциясына жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Облыстағы 940 мемлекеттік мектептің 932-ы немесе 99,1%-ы толықтай интернет желісімен қамтылған. Жалпы облыста талшықты интернет арқылы - 646мектеп (20-80 мбит/с), «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ арқылы SpaceX компаниясының «Starlink» спутниктік интернет желісіне - 284 мектеп (150 мбит/с) қосылды. Қазіргі таңда өңірдегі құрылысы аяқталып жаңадан пайдалануға берілген және қосымша ғимаратқа көшірілген 8 мектепкеинтернет қосу және цифрлық білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ 9. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында «Bilim Land» ЖШС-нің Bilimcentеr.kz цифрлық платформасын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушыларды оқыту (PISA математика, оқу сауаттылығы, жаратылыстану) (1 мектепке платформаның құны 40 мың тг). 2018 ж: жаратылыстану – 373, математика – 401, оқу сауаттылығы – 368 2022 ж: Жаратылыстану – 380, математика – 410, оқу сауаттылығынан – 380 2026 ж: Жаратылыстану – 385, математика – 415, оқу сауаттылығынан – 385 2023-2025 жылдар 2026жылы жалпы 39 іс-шара өткізілді. Облыстық кезеңге қатысушылар саны:27330 Республикалық кезеңге қатысушылар саны:991 Республикадан жеңімпаздар саны: 354; 10. Облыстың білім алушылары мен педагогтер үшін көркем әдебиет пен кәсіби кітаптарды оқу, дәріптеу, оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған «KitapХАН@» іс-шарасы қатысушылар саны, үлесі %: - 2022 жыл - Оқушылар саны – 6000, 1,2 %, мұғалімдер саны – 9000, 14,3 %; - 2023 жыл – Оқушылар саны – 10000, 2 %, мұғалімдер саны – 14000, 24%; - 2024 жыл – Оқушылар саны – 20000, 3,9 %, мұғалімдер саны – 20000, 35 %; - 2025 жыл - Оқушылар саны – 35000, 6,8 %, мұғалімдер саны – 35000, 60%; - 2026 жыл - Оқушылар саны – 45000, 8 ,2%, мұғалімдер саны – 40 000, 61,5 %; - 2027 жыл - Оқушылар саны – 55000, 10 %, мұғалімдер саны – 45000, 69,2%; - 2028 жыл - оқушылар саны – 65000, 11,8 %, мұғалімдер саны – 55000, 84,6 %; - 2029 жыл - оқушылар саны – 80000, 14,5 %, мұғалімдер саны – 65000, 100%; 2023-2029 жылдар Қазақстан Республикасында оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы мемлекеттік саясаттың маңызды бастамаларының бірі – «Оқуға құштар мектеп» жобасы. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы іске қосылды. Жоба аясында мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, кітап қоры толықтырылды, оқырмандар үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Түркістан облысында 2022 жылдан бастап «KitapХАН@» кітап оқыту жобасы жүзеге асырылуда. Жоба «Оқуға құштар мектеп – Оқуға құштар ұлт» жалпыұлттық бастамасымен сабақтастықта жүргізіліп келеді. Жобаның тиімділігін кітапхана оқырмандарының санының жыл сайынғы өсуінен байқауға болады. Атап айтқанда: • 2021–2022 оқу жылында: педагогтер – 8 540 (10,6%), оқушылар – 5 185 (1,03%); • 2022–2023 оқу жылында: педагогтер – 9 760 (12,2%), оқушылар – 5 185 (1,03%); • 2023–2024 оқу жылында: педагогтер – 14 640 (18,3%), оқушылар – 13 500 (2,74%); • 2024–2025 оқу жылында: педагогтер – 37 210 (46,5%), оқушылар – 29 280 (5,8%), ата-аналар – 4 800. Жоба аясында кітап оқуға қызығушылықты арттыруға бағытталған «1000 кітап», «Үздік оқырман», «Мектепке кітап сыйлаймыз», «Балалар кітабы апталығы», «Оқуға құштар мектеп демалыста», «Қыста оқимыз» акциялары ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Үздік мектеп кітапханашы», «Ең көп кітап оқитын отбасы», «Мектептегі буккроссинг: бірге оқимыз» байқаулары өткізілді. ІІІ. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру 11. «Өрлеу» БАҰО АҚ, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы акционерлік қоғамы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында жылма жыл педагогтердің біліктілігін арттыру 2023 ж – 18 728 ; 2024 ж – 19 123; 2025 ж – 13122; 2026 ж – 20703; 2027 ж – 20 308; 2028 ж – 19 128; 2029 ж – 14 702; 2023- 2029 жылдар 2026 жылы біліктілікті арттыру курстарынан өтуі туралы ақпарат «Өрлеу» біліктілікті арттыру институы Курстан өткен жалпы педагог саны: 9187 педагог. Ұлттық дене тәрбиесі ғылыми-практикалық орталығы Курстан өткен жалпы педагог саны: 200 педагог. Дене шынықтыру пәні педагогінің кәсіби құзыреттілігін арттыру» курсынан 200 педагог өтті. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауыл мектебі: тең мүмкіндік» жобасы шеңберінде  «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауыл мектебі: тең мүмкіндік» жобасы шеңберінде Түркістан облысының ауыл мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары 2026 жылғы 10 тамыз – 4 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, өткізілді.  Курстар облыстың 15 ауданында 7 бағыт бойынша жүзеге асырылды. Атап айтқанда: математика, физика, химия, биология, құндылыққа негізделген білім беру, жасанды интеллект және педагогтердің кәсіби дамуы.  Аталған кезеңде барлығы 4 528 педагог біліктілікті арттыру курстарымен қамтылды. Ағымдағы жағдай бойынша жалпы саны: 16 572 педагог білімін жетілдірді. Қосымша білім беру 12. Балалардың сауықтыру лагерлерін құру, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жаңа ірі объектілер салу (оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, Музыка және көркемсурет мектептері және т. б.): 2023-2027 жылдары облыста республикалық бюджет есебінен 1 «Оқушылар сарайы» мен 7 «Өнер мектебін» салу. Олар: 2024 жылы –600 орындық «Оқушылара сарайы»; 2024 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»; 2025 жылы – 150 орындық «Өнер мектебі»; 2025 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»; 2026 жылы –150 орындық «Өнер мектебі»; 2027 жылы – 150 орындық «Өнер мектебі»; 2024-2025 жылдар Облыста 45 (5 жекеменшік) қосымша білім беру мекемелерінде 32 611оқушы қосымша біліммен, мектептердегі үйірмелерге481 769 оқушы қамтылған. 2026 жылы– Осы мақсатта облыс аумағында төрт «Жаңа буынды дамыту орталықтарының» құрылысы қолға алынды. Атап айтқанда, Жетісай ауданының Жетісай қаласында, Мақтаарал ауданының Мырзакент кентінде, Келес ауданының Абай ауылында және Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында аталған орталықтар бой көтеруде. Анықтама: - Жетісай қаласындағы орталықтың жер телімі 1,0 - га, жалпы ауданы - 3 137,0 м2, жалпы құны - 3 195,6 млн. теңге, жобалық қуаты - 600 орынды - Сарыағаш қаласындағы орталықтың жер телімі - 1,1 га, жалпы ауданы - 3 116,0 м2, жалпы құны - 3 192,5 млн. теңге, жобалық қуаты - 600 орынды. - Мақтаалар ауданы, Мырзакент кентіндегі орталықтың жер телімі - 0,6 га, жалпы ауданы - 1 310,6 м2, жалпы құны - 2 186,5 млн. теңге, жобалық қуаты - 300 орынды. - Келес ауданы, Абай ауылындағы орталықтың жер телімі - 1,0 га, жалпы ауданы - 2 310,6 м2, жалпы құны - 2 180,4 млн. теңге, жобалық қуаты – 300 орынды. Сондай-ақ, 2021 жылы жаңадан құрылған Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылында орналасқан мәдениет үйінің ғимараты Білім бөлімінің теңгеріміне берілуде. Аталған ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қайта құру арқылы «Жаңа буынды дамыту орталығын»ашу жоспарлануда. Техникалық және кәсіптік білім беу 13 Мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ жүз пайыз қамтуды қамтамасыз ету: 2023 ж. – 15 300 орын; 2024 ж. – 15 500 орын; 2025 ж. – 15 600 орын; 2023-2025 жылдар 2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға өңірлік деңгейде 90 астам мамандық бойынша 24 563 орынға қажеттілік түсті. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша 2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бар кадрларды даярлауға арналған тегін мемлекеттік білім беру тапсырысын қамтамасыз етуде облыс көлемінде 15 600 орын бөлінді. Салалар бөлінісінде: Білім- 1425; Өнер және гуманитарлық ғылым бағыты- 400; Әлеуметтік ғылым - 25; Кәсіпкерлік және басқару саласы- 275; Жаратылыстану ғылымы, математика және статистика саласы- 25; Ақпарттық-коммуникациялық технологиялар саласы - 2685; Инженерлік және инженерлік іс- 7840 орын; Ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария- 700; Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету- 650; Қызмет көрсету- 1550. Нәтижесінде, 2026-2027 жаңа оқу жылына салалар бөлінісінде: Білім- 1549; Өнер және гуманитарлық ғылым бағыты- 399; Әлеуметтік ғылым - 25; Кәсіпкерлік және басқару саласы- 325; Жаратылыстану ғылымы, математика және статистика саласы- 50; Ақпарттық-коммуникациялық технологиялар саласы - 2843; Инженерлік және инженерлік іс- 6988 орын; Ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария- 724; Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету- 950; Қызмет көрсету- 1681 Барлығы 15 534.

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 ЖЫЛДЫҢ 3 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

    2026ЖЫЛДЫҢ3ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫЕСЕП 🔹«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. 🔸Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді. 🔹2026 жылғы 01 шілде мен 30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасында алынған білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 37 өтініш тіркелген. 🔸 Білім туралы 36 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: кәсіптік-техникалық білім туралы – 7; жалпы орта білім туралы – 23, негізгі орта білім туралы – 5, анықтама – 0, білім алушылардың үлгерімі туралы табелі – 1. 🔸Келіп түскен мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 37 құрады (36– орындалды, 1 – бас тартылды). ☑️Елдер бойынша бөлу: Италия-6, Турция – 22, Польша-1, Оңт. Корея – 3, Чехия – 2, Германия – 1, Венгрия -1.

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 ЖЫЛҒЫ 3 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

    2026ЖЫЛҒЫ 3 ТОҚСАНЫНДАБІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ТУРАЛЫЕСЕП ✅Лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады. ✅Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді. ✅ 2026 жылғы 01 шілде мен 30 қыркүйек аралығында лицензиялау мәселелері бойынша 69 өтініш тіркелген. Оның ішінде қанағаттандырылғаны – 32өтініш (46,3%), бас тартылғаны– 37 (53,6%). ✅ Қанағаттандырылған 32 өтініштің ішінде; бас лицензияға 18 өтініш (18-жазғы сауықтыру орталығы), лицензияға қосымшаға 5 (5-колледж), лицензия және лицензияға қосымшаларды қайта рәсімделгені-9 (9-мектеп). ✅ Бас тартылған 37 өтініштің ішінде: бас лицензияға 28 (3-мектеп, 25-жазғы сауықтыру орталығы), лицензияға қосымшаға-6 (3-мектеп, 3-колледж), лицензия және лицензияға қосымшаларды қайта рәсімделгені-3 (3-мектеп). 2026 жылғы 01 шілде мен 30 қыркүйек аралығында білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның 7 отырысы өткізілген.

    Жарияланды:
    Есеп

    Педагогтердің құқықтарын қорғау және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қызметі

    Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде (бұдан әрі - Департамент) 2026 жылы "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі №84 бұйрығына сәйкес «Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес» (бұдан әрі – Кеңес)жұмысы жүргізілді. 2026 жылға арналған Кеңес жоспары бекітілді. Кеңес жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері» туралы бұйрыққа сәйкес орындалуын бақылау, білім беру ұйымдары басшыларының және өзге де лауазымды, өзге де тұлғалардың «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының нормаларын және педагогтік әдеп ережелерін сақтау, Кеңес қызметі туралы ақпараттық-түсіндірме жүргізу бойынша жұмыстар атқарылды. Департаментте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп кеңесінің төрағаларының қатысуымен “ Білім беру саласында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және адам құқықтарын қорғаудағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің рөлі” тақырыбында жиын өткізілді. Жиынға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Баймұратұлы қатысты. Ол білім сапасының маңызды болуына ең алдымен педагогтердің құқықтарын қорғау және құқықтық мәдениетті нығайту қажет екендігін атап өтті. Күн тәртібінде: - Педагогтердің құқықтарының қорғалуы және оны қамтамасыз ету шаралары; - Педагог мәртебесінің заңмен бекітілуі және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау; - Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды. Аталған жиында педагогтердің құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, заң талаптарын сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес төрағасы Ғ. Алматов баянда жасады. Сондай-ақ педагогикалық әдеп кеңесінің мүшесі Нышан Тасболатұлы педагог мәртебесінің заңмен қорғалғанын, мемлекет қолдауы ұстаз беделін арттыруға және кәсіби қызметін сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді. Департамент басшысы Ғ.Алматов 2026 жылдың 9 сәуір күні Қазығұрт ауданданда білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп кеңесінің төрағалары мен хатшыларының қатысуымен кездесу өткізді. 2026 жылдың І жартыжылдығында3 кеңес отырысы өткізілді. Атап айтқанда: №1 Кеңес отырысы 2026 жылдың 16 қаңтар күні өткізілді. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Кеңесте Түркістан қалалық білім бөлімінің №11 Ж.Жабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп басшылығына түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталған, Түлкібас ауданы білім бөлімінің Ұрбұлақ жалпы білім беретін мектеп директоры мен педагогтерінің іс-әрекетіне қатысты, Жетісай ауданы білім бөлімінің Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп директорына қатысты мәселелер қаралды. Кеңес ұсынысын негізге алып, өз құзыреттері шегінде жұмыстар жүргізу үшін Түркістан қаласының, Түлкібас, Жетісай аудандарының білім бөліміне және Түркістан облысының білім басқармасына хаттар жолданды. №2 Кеңес отырысы 2026 жылдың 23 сәуір күні өткізілді. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Кеңесте Жетісай ауданының білім бөлімінің «Ш.Құдайбердиев атындағы №32 жалпы білім беретін мектеп» КММ директорының, Мақтаарал ауданының білім бөлімінің «А.Фердауси атындағы №24 жалпы білім беретін мектеп» КММ директорының м.у.а, Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры мен директордың орынбасарының іс-әрекеттеріне қатысты мәселелер қаралды. Кеңес ұсынысын негізге алып, тиісті аудандардың білім бөлімдеріне өз құзыреттері шегінде жұмыстар жүргізу тапсырылды. №3 Кеңес отырысы 2026 жылдың 18 маусым күні өткізілді. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Кеңесте Әлеуметтік желілерде педагогикалық әдепке жат іс-әрекеті жарияланған Жетісай ауданы №65 «Достық» мектебінің директоры Е.Д. Нысановтың мәселесі, Кентау қаласы білім бөлімінің әдіскерлері Н. Күзембаева, М. Ерназарова, З. Нұрдәулетқызы, Г. Кеншембаеваның және №7 мектеп директоры А. Жаманқараева мен №8 мектеп директоры А. Батырбековтің іс-әрекеттеріне қатысты арыз, Түлкібас аудандық сотының қаулылары негізінде «Ұрбұлақ» мектебінің директоры Р. Курманбаеваның әрекеттеріне құқықтық баға беру және тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы мәселелер қаралды. Кеңестің шешімімен Түлкібас ауданының білім бөлімінің «Ұрбұлақ» мектебінің директоры Р. Курманбаеваның тәртіптіп жауапкершілігін қарау ұсынылды. Сонымен қатар, Кеңес ұсынысын негізге алып, өз құзыреттері шегінде жұмыстар жүргізу үшін Түлкібас, Жетісай аудандарының білім бөліміне хаттар жолданды.

    Жарияланды: