Лицензиялауға дайындық: Сарыағаш ауданында кезекті түсіндіру кездесуі өтті

    1 / 2

    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын 2027 жылдан бастап мемлекеттік лицензиялауға көшіру аясындағы түсіндіру жұмыстары Сарыағаш ауданында жалғасын тапты.

    Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен өткен кездесуде балабақшалардың лицензиялауға дайындығы, заңнамалық талаптарды сақтау және алдағы міндеттерді тиімді жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды.

    Жиынға Департамент басшысы К.Ауанасова, білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы С. Пахымбет, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Калдыкараева, төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Б.Тыныштықбаев, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Л.Ештаева және мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары қатысты.

    Кездесу барысында К.Ауанасова лицензиялаудың құқықтық негіздері мен негізгі талаптарына тоқталып, білім беру қызметін заңнамаға сәйкес ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

    С.Пахымбет лицензия алу рәсімінің практикалық қырларын түсіндіріп, «Е-лицензиялау» жүйесінде өтінішті тіркеуден бастап қорытынды нәтиже алуға дейінгі кезеңдерге, құжаттарды дұрыс рәсімдеуге және өтініштерді пысықтауға қайтаруға себеп болатын жиі кездесетін кемшіліктерге назар аударды.

    Сондай-ақ, Б.Тыныштықбаев өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, ал Л.Ештаева санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды орындау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Кездесу тек ақпарат берумен шектелмей, өзара тәжірибе алмасу мен өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау алаңына айналды.

    Жиын соңында мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына қолданыстағы біліктілік талаптарына сәйкестігін алдын ала зерделеу, материалдық-техникалық базаны тиісті талаптарға сәйкестендіру, анықталған кемшіліктерді уақтылы жою және құжаттарды әзірлеу жұмыстарын жандандыру ұсынылды.

    Мектепке дейінгі ұйымдардың лицензиялауға жан-жақты әрі жүйелі дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жоспарлы түрде жалғасын табады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары