Отырыс барысында білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп нормаларының сақталуы, педагогтердің кәсіби мінез-құлқына қойылатын талаптар, сондай-ақ педагогикалық әдеп қағидаттарының бұзылуына ықпал ететін факторлар талқыланды.
Атап айтқанда, педагогтердің әдеп нормаларын сақтауы, оның ішінде демалыс кезеңінде және қызметтен тыс уақытта да педагог мәртебесіне, кәсіби беделі мен жоғары мәдениетіне сай мінез-құлық таныту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар педагогтердің кәсіби этика талаптарын күнделікті қызметте ғана емес, қоғамдық ортада және әлеуметтік желілерде де сақтау, өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру, педагог мәртебесі мен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіну бағытында тиісті ұсынымдар берілді.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша педагогикалық әдеп қағидаттарын сақтау, педагогтердің кәсіби жауапкершілігін арттыру және білім беру ұйымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







