Арыс қаласында мектепке дейінгі ұйымдарды 2027 жылдан бастап енгізілетін мемлекеттік лицензиялауға даярлау мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге Департамент басшысы К.Ауанасова, білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы С.Пахымбет, төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері С.Оспан, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Н.Мақұлбек және мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары қатысты.
Жиын барысында лицензиялаудың негізгі талаптары, электрондық жүйе арқылы өтініш беру, құжаттарды рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі мен санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мәселелері кеңінен қарастырылды.
Балабақша басшылары лицензиялауға дайындыққа қатысты өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, сала мамандарымен еркін пікір алмасты. Қойылған сауалдар жан-жақты қарастырылып, қатысушыларға заңнамалық талаптарды орындау мен дайындық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың лицензиялауға дайындығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өңірдің өзге де аудандары мен қалаларында жүйелі түрде жалғасуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







