Келес ауданында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау мәселелері бойынша кездесу өтті

    1 / 3

    Кездесуде Департамент басшысы К.Ауанасова, Департаменттің лицензиялау бөлімінің басшысы С.Пахымбет, білім бөлімінің басшысы Р.Жайлаубай, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысының орынбасары Ғ.Қамбаров, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Н.Жолдасов, ауданға қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен балабақшалардың 2027 жылғы мемлекеттік лицензиялауға дайындығына арналған кездесу өтті.

    Департамент басшысы К.Ауанасовамен қатысушыларға Қазақстан Республикасы заңнамасының лицензиаттарға қоятын талаптары, рәсімнен өту тәртібі, сондай-ақ лицензиясыз білім беру қызметін жүзеге асырудың салдары түсіндірілді.

    Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы С.Пахымбет «E-license» ақпараттық жүйесінде өтінішті тіркеуден бастап нәтиже алуға дейін жұмыс істеу тәртібі, құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар, келіп түскен өтініштердің пысықтауға жиі қайтарылу себептеріне тоқталды.

    Келес аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының орынбасары Ғ.Қамбаров мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарына, үй-жайларына және тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатысушылар назарына ұсынды.

    Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Н.Жолдасов санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталу маңыздылығына тоқталып, қолданыстағы нормалар мен оларды орындау тәртібіне қатысты негізгі мәселелерді баяндады.

    Кездесу ашық әрі мазмұнды пікір алмасу форматында өтті. Әсіресе, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларын толғандырған өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын ортаға салды. Департамент пен уәкілетті органдардың өкілдері көтерілген мәселелер бойынша нақты жауаптар беріп, практикалық ұсынымдарымен бөлісті.

    Жиын қорытындысында Департамент мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына лицензиялауға дайындықты қазірден бастауды, біліктілік талаптарына сәйкестігіне өзін-өзі бағалау жүргізуді, анықталған кемшіліктерді кезең-кезеңімен жоюды және қажетті құжаттарды уақтылы әзірлеуді ұсынды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары