Қазақстанның бес облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және отбасыларға нақты қажеттіліктеріне қарай қолдау көрсетуге бағытталған «Ауылды дамыту командасы» пилоттық жобасы іске қосылады.
Жаңа тәсіл әр отбасының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке жұмыс жүргізуді көздейді.
Пилоттық жоба Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында жүзеге асырылады.
Командалар құрамына жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету бағыттарының мамандары кіреді. Олар ауыл отбасыларына қолжетімді қолдау шараларын пайдалануға көмектесіп, оқудан бастап грант алуға және өз ісін бастауға дейін сүйемелдейді.
Қолдау құралдарының бірі – жылдық 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредит беруді көздейтін «Ауыл аманаты» жобасы.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







