
21–23 қазан аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында халықаралық KazAgroFarm-2026 көрмесі өтеді.
Биыл көрмеге 25 елден 300-ден астам компания қатысады. Бір алаңда агробизнес өкілдері, фермерлер, сарапшылар, мемлекеттік органдар мен халықаралық делегациялар бас қосады.
KazAgro — тұқымнан бастап, егін өсіру, жинау және сақтауға дейінгі өсімдік шаруашылығы технологиялары;
KazFarm — генетика, асыл тұқымды мал шаруашылығы, ет және сүт өндірісі;
Ауыл шаруашылығындағы цифрландыру, автоматтандыру, жасанды интеллект, роботтандыру және дәлме-дәл егіншілік бағыттарындағы заманауи шешімдер.
Көрме аясында панельдік сессиялар, семинарлар, конференциялар, кәсіби кездесулер және шетелдік компаниялар мен сарапшылармен іскерлік келіссөздер ұйымдастырылады.
Ерекше іс-шаралардың бірі — 75 жылдығына арналған қазақтың ақбас тұқымының «Ақбас» күні.
- Астана қ., EXPO Халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1
- 21–23 қазан 2026 жыл
- Келушілер үшін кіру тегін
Ауыл шаруашылығы саласының өкілдерін, фермерлерді, кәсіпкерлерді және агроөнеркәсіптік кешеннің заманауи технологияларына қызығушылық танытатын баршаңызды көрмеге шақырамыз!






