Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі
«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және үйлестіруді қамтамасыз ету.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру және іске асыру жолымен бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құру болып табылады.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні ауыл шаруашылығының дамуына бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу және ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл болып табылады.
Жаңалықтар
Ашу«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2026 жылғы 9 қарашадан бастап ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингінің үш бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдауды қайта бастайды
АшуАуыл шаруашылығындағы ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды қалай қаржыландыруға болады?
Ашу«Ауылды дамыту командасы» пилоттық жобасы іске қосылады
АшуӘлемдік агробизнес Астанада бас қосады!
АшуТехниканы техникалық байқаудан өткізуге онлайн өтінім беру
АшуҚұрметті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері!
Құжаттар
БАСПАСӨЗ - РЕЛИЗІ Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 мамырдағы № 292-VIII ҚРЗ «Жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің құзыретіне қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер енгізілді. Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді. Осы қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды. Қаулы жобасы «Ашық нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде «Электрондық үкімет» порталында орналастыруға жатпайды.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 мамырдағы № 292-VIII Заңына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 482/6 «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі – Ереже) мынадай толықтыру енгізілсін: Ереженің 17-тармағы мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:«20-1) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру;». 2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қала әкімі Бейсекин А.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары
Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiншассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап - тексеруден өткізу қағидалары
Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзiрленді және тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізу тәртiбiн айқындайды.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тіркеу қағидалары
Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзiрленді.