Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 мамырдағы № 292-VIII Заңына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 482/6 «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі – Ереже) мынадай толықтыру енгізілсін:
Ереженің 17-тармағы мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру;».
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Бейсекин А.