Алқа отырысы

    2026 жылғы 4 қарашада Департаментте жедел кеңес өткізіліп, ағымдағы жылдың 9 айындағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы жұмыс қорытындылары қаралды.
    2026 жылдың ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымына медициналық мекемелердің дайындықтарының жай-күйі туралы. Тұмауға қарсы иммундауды жүргізу туралы инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлім басшысының м.а. Г. Хасановамен баяндалды.
    Білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Б. Дырымбаева білім беру объектілерінің жаңа оқу жылына жұмысқа дайындығы туралы баяндады.
    Инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау және бақылаудағы аумақта санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің жұмысы туралы инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлім басшысының м.а. Г. Хасановамен айтылды.
    Аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Б.Ашимханова 2026 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша облыстағы туберкулезге қарсы күрес шаралары туралы ақпарат ұсынды.
    2026 жылдың 9 айындағы бақылау сатып алу нәтижелері. Проблемалық мәселелер және жедел ден қою шараларын қолдану туралы техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімінің басшысы
    М. Қалқанбаевамен баяндалды.
    Күн тәртібінде Тарбағатай, Марқакөл және Катонқарағай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшыларының ведомстволық бағынысты аумақтардағы санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету бағытындағы атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
    Департамент басшысының орынбасары А.Чидербаевпен 2026 жылдың 3-тоқсаны және 9 айының қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметінің рейтингктік бағалау көрсеткіштерінің қорытындылары шығарылды.
    Сонымен қатар, кеңес барысында Персоналды басқару бөлімінің басшысы А. Қасымханова қызметкерлерге магистратурада білім алу мүмкіндіктері, оқуға түсу талаптары мен тәртібі туралы түсіндірме берді.
    Кеңес қорытындысы бойынша Департаменттің ағымдағы жылдың 9 айдағы жұмысы қорытындыланып, бағаланып, 2026 жылды табысты аяқтауға байланысты іс-әрекеттер талқыланып, тапсырмалар анықталды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары