Құқық бұзушылықтан – қоғамға пайдалы еңбекке

    Тіпті болмашы құқық бұзушылықтың өзі заң алдында жауапкершілікке әкеледі. Супермаркеттерден ұсақ-түйек тауарларды бірнеше рет ұрлау деректері бойынша азамат анықталып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 50 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Қазіргі уақытта ол Қостанай қаласының пробация қызметінің есебінде тұрып, тағайындалған жазасын өтеуде. Қоғамдық жұмыстар аясында сотталған азамат қала аумағын абаттандыруға атсалысып, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау, сондай-ақ көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда.Аталған жұмыстар оның қоғамға пайдалы еңбекке араласуына, өз әрекеттерінің салдарын түсінуіне және түзелу жолына қадам басуына мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары