2026 жылғы 8 қазанда Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті.
Іс-шараға Республикалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі, «Aq meshit» мешітінің имамы Даурен Муслимов ҚАЖ мекемелерінің теологиялық оңалту тобының жедел уәкілдері мен психологтары, сондай-ақ уәкілетті органдар мен ресми діни өкілдер қатысты.
Семинар аясында «Марал ишан» мешітінің имамы Сабыржан Есмұрзин ҚАЖ мекемелерінің кітапхана қорына алдын ала тексеруден өткен өзі жазған Құран тәпсірінің үш томдық 5 данасын сыйға тартты.
Кітаптар «Aqniet» қоғамдық қорының, ҚМДБ өкілдерінің және облыс әкімдігінің Дін істері басқармасының бірлескен жұмысы мен «aabdibek_shop» интернет-дүкенінің демеушілігі арқасында табысталды.









