Батумидегі қазақстандық активтерді дамыту перспективалары талқыланды

    1 / 3

    Аджарияға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Елшісі Талғат Адуов Батуми мұнай терминалы мен Батуми теңіз портына барып, кәсіпорындардың бас директорлары Марлен Төлегенов және Ұлан Тілеуғалимен кездесті.

    Кездесулер барысында кәсіпорындардың ағымдағы қызметі, оларды одан әрі дамыту перспективалары және Елшілікпен өзара іс-қимыл жоспарлары талқыланды. Шетелдегі қазақстандық активтерді қолдау және олардың көлік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен Транскаспий халықаралық көлік бағытының стратегиялық маңыздылығы тұрғысынан Батуми теңіз порты мен мұнай терминалының экспорт бағыттарын әртараптандырудағы және халықаралық нарықтарға шығуды қамтамасыз етудегі рөлі атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі" жаңалықтары