Халықаралық рухани білімнің онлайн-орталығы өз жұмысын бастады

    Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Халықаралық рухани білімнің онлайн-орталығын іске қосты. Жаңа цифрлық платформа әлемдік және дәстүрлі діндер, адамзаттың рухани мұрасы және дінаралық диалог саласындағы халықаралық тәжірибе туралы сенімді білімді біріктіреді.

    Онлайн-орталық Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі материалдарын, діндер мен рухани дәстүрлер туралы білімдерді, халықаралық зерттеулерді, сондай-ақ талдамалық және сараптамалық материалдарды біріктіреді. Сонымен қатар, платформа діни білім беру немесе жекелеген діни ілімдерді насихаттау алаңы болып табылмайды.

    Цифрлық платформаның негізгі міндеті аудиторияны ашық ағартушылық және сараптамалық форматта діни дәстүрлермен, диалог мәдениетімен және дінаралық өзара іс-қимылдың заманауи мәселелерімен таныстыру.

    Онлайн-орталықтың іске қосылуы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің цифрлық бағытын дамытудағы практикалық қадам болмақ. Жаңа ресурс Съезд жұмысы барысында жылдар бойы жинақталған тәжірибені көпшілікке қолжетімді етіп, халықаралық сараптамалық диалогты тұрақты онлайн форматта жалғастыруға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі" жаңалықтары