Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде пробация қызметінің ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындылары бойынша Департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Р.Ж. Муразатаевтың төрағалығымен кеңейтілген жедел кеңес өтті.
Жиынға аудандық және қалалық пробация қызметтерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Кеңес барысында есепті кезеңнің нәтижелері талданып, қызметтегі өзекті мәселелер мен орын алған кемшіліктер қаралды.
Заңдылық пен тәртіпті сақтау, рақымшылық туралы заңды уақтылы іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша пробация есебіндегі азаматтарды жұмыспен қамту, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.









