Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылдың 9 ай есебі бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі

    Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

    Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылдың 9 ай есебі бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі

    Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құзыреті білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу арқылы білім саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет көрсету мен мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу болып табылады.

    1. Мемлекеттік бақылау шаралары.
      • Мемлекеттік аттестаттау нәтижесі бойынша:

    Департаменттің 2026 жылы мемлекеттік аттестататудан өтетін білім беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес 505 білім беру ұйымында ( 450 балабақша, 54 мектеп, 1 колледж) мемлекеттік аттестаттау жүргізу жоспарланған.

    Ағымдағы жылдың 9 ай есебі бойынша 311(17 мемлекеттік, 294 жекеменшік) мектепке дейінгі білім беру ұйымында ( бұдан әрі – Балабақша) мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

    Ағымдағы жылдың қаңтар айына жоспарланған 40 балабақшада ескі қолданыстағы Білім туралы Заң талаптары бойынша мемлекеттік аттестаттау жүргізіліп, 7 (17,5%) балабақша қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі МДТО МЖМБС) сәйкес келеді деп есептелініп, аттестатталды, ал 31 балабақшада қайта мемлекеттік аттестаттау жүргізіліп, МДТО МЖМБС талаптарына сәйкестігі анықталды. 2 балабақшаның мемлекеттік аттестаттау барсыныда анықталған МЖМБС талаптарында орын алған сәйкессіздікті жою мерзімі қараша, желтоқсан айына белгіленген.

    Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттік аттестаттау жаңа форматта, қолданыстағы Заң талаптары бойынша жүргізілуде.

    Мамыр-қыркүйек айына дейін 271 (13 мемлекеттік, 258 жекеменшік) балабақшада мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

    Нәтижесінде, 5 (1,8%) балабақша қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МДТО МЖМБС талаптарына сәйкес деп танылып, мемлекеттік аттестаттаудан өтті.

    Ал, қалған 266 (98,2%) балабақша қызметінде білім беру стандартының талаптарында сәйкессіздіктер анықталып, бару арқылы мемлекеттік аттестаттауға қалдырылды. Оның ішінде 9 ай есебі бойынша 155 ( 11 мемлекеттік, 144 жекеменшік) балабақшада бару арқылы мемлекеттік аттестаттау жүргізіліп, 4жекеменшік балабақша қызметі мемлекеттік аттестаттау талабына сәйкес емес деп танылып, мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді.

    Қалған 107 (1 мемлекеттік, 106 жекеменшік) балабақшада бару арқылы мемлекеттік аттестаттау жүргізу қазан, қараша, желтоқсан айы деп белгіленді.

    4 балабақшаның қызметі уақытша тоқтатылған.

    Мемлекеттік аттестаттау барысында МЖМБС талаптарын орындауда жалпы ортақ анықталған бұзушылықтар:

    Балабақша бойынш а:

    • 80 балабақшада жұмыс жоспарлары мен алқалы органдар отырыстары хаттамаларының талапқа сәйкессіздіктер (Қазығұрт ауданында – 21, Сарыағаш ауданында – 14, Келес ауданында – 10, Сайрам ауданында – 9, Түркістан қаласында – 6);
    • 60 балабақшада балаларды жас ерекшеліктеріне қарай топтарға қалыптастырудағы сәйкессіздіктер (Қазығұрт ауданында – 11, Түркістан қаласында – 10, Сарыағаш ауданында – 8, Сайрам ауданында – 5, Жетісай ауданында – 4);
    • 39 балабақшада ата-аналарды тәрбие-білім беру процесіне тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуінде сәйкессіздіктер (Сарыағаш ауданында – 7, Түркістан қаласында – 6, Сайрам ауданында – 5, Қазығұрт ауданында – 5);
    • 37 балабақшада педагогтердің біліктілік санатын арттыру және растау бойынша тиісті жұмыстардың жүргізілмегені анықталды (Түркістан қаласы мен Сарыағаш ауданында – 8 , Сайрам ауданында – 5, Созақ ауданында – 4, Кентау және Жетісай қалаларында – 3);
    • 32 балабақшада дамытушы ортаны қалыптастыру бойынша сәйкессіздіктер (Сарыағаш ауданында – 5, Түркістан қаласы мен Сайрам ауданында – 4 , Созақ ауданында – 4, Келес және Арыс аудандарында – 3);
    • 28 балабақшада оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау бойынша мониторингтің тиісті деңгейде жүргізілмеуі (Сарыағаш ауданында – 8, Созақ ауданында – 4, Келес және Түркістан қаласында – 3);
    • 28 балабақшада мониторинг нәтижелерін жүйелі түрде талдау, балалардың меңгеру деңгейіндегі қиындықтарды анықтау және оның қорытындысы бойынша түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастырудағы баланың жеке даму картасындағы сәйкессіздіктер(Сарыағаш ауданында – 8, Созақ ауданында – 4, Келес және Түркістан қаласында – 3);
    • 27 балабақшада балабақша басшыларының біліктілік талаптарына сәйкессіздіктер анықталды. Білім беру ұйымдарының басшыларына қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын тұрақты зерделеу және қажет болған жағдайда басшы кадрлардың кәсіби дамуына бағытталған шараларды ұйымдастыру маңызды (Түркістан қаласында – 6, Сарыағаш ауданында – 5, Жетісай, Созақ және Кентау қалаларында – 3).
    • Бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесі

    Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына бекітілген тізімдегі 7 білім беру ұйымының (2 мектеп, 5 балабақша) 1 жартыжылдық есебімен 5білім беру ұйымында (2 мектеп, 3 балабақша) ағымдағы жылы бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді.

    Нәтижесінде, 7білім беру ұйымына анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама берілді.

    • Білім беруді басқару органдарына жүргізілетін жоспарлы тексеру

    Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрінің 19.12.2025 жылғы «2025 жылы жоспарлы тексеруге жататын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының тізбесін бекіту туралы» № 294 бұйрығымен облысымызда жоспарлы 5 аудандық білім бөліміне (Түркістан қаласы, Төлеби, Сайрам, Сарыағаш, Сауран) тексеру жүргізілді.

    Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 59-1-бабы «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының қызметі бойынша қойылатын талаптарын» орындауда бұзушылықтарға жол берген. Білім бөліміне қатысты жүргізілгенжоспарлы тексеру барысында Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» №319 Заңының 59-1 бабы, 3-тармағының 6), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 17), 18) тармақшалары бойынша бұзушылықтар анықталып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Анықтлған заң бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау, алдын алу жұмыстарын өз құзыреті шегінде тиісті жұмыстар жүргізу бойынша Түркістан облысының білім басқармасына хат жолданды.

    • Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер

    Департаментке 2026 жылдың 9 ай есебі бойынша Е-Өтініш порталы арқылы 1137 өтініш (арыз 969, шағым 76, ұсыныс, сұрау салу 6, басқа түрері 86) тіркелген. Оның ішінде, 469 өтінішті өз құзыреті шегінде қарау үшін жолданған.

    Бір арыз иесінің өтініші басқа мемлекеттік органдарынан қайталанып келуіне байланысты 270 дубликат келіп түскен.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 70-бабы 1-тармақ 3), 4)тармақшаларына сәйкес әкімшілік рәсімді тоқтатылған өтініштер саны – 232;

    Қаралған өтініштер саны – 437.

    Жоспардан тыс тексерулердің жалпы сипаттамасы бойынша:

    2026 жылдың қорытынды есепті кезеңінде департамент тарапынан білім беру ұйымдарында барлығы 48 жоспардан тыс тексеру жүргізілді ( 34 мектеп (33 мемлекеттік, 1 жекеменшік), 4 балабақша, 1 колледж, 2 білім басқармасы, 7 білім бөлімі). Тексерумен қамтылған субъектілердің ведомстволық бағыныстылығы мен түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей нақтыланды:

    Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесінде білім беру заңнамасы талаптарының бұзылуын жою және әкімшілік өндірісті қамтамасыз ету бағытында келесі құқықтық шаралар қабылданды:

    * 34 анықталған заңбұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама берілді (33 – мемлекеттік мектептерге, 1 – жекеменшік мектепке).

    * 27 құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде орта білім беру мекемелеріне – 23 (22 мемлекеттік, 1 жекеменшік), мектепке дейінгі ұйымдарға – 4.

    Әкімшілік айыппұлдардың қолданылуы мен қаржылық көрсеткіштері:

    Есепті кезеңде 30 әкімшілік құқықы бұзушылық бойынша мемлекет кірісіне өндірілген жиынтық қаржы көлемі 425 АЕК құрайды.

    - Барлығы 10 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, салынған айыппұл сомасы 210 АЕК құрады. Оның ішінде мемлекеттік мектептерге – 90 АЕК (6 жағдай), жекеменшік балабақшаларға – 120 АЕК (4 жағдай) айыппұл салынды.

    - Жеке жауапкершілік белгілері бойынша 20 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылып, салынған айыппұлдың жалпы көлемі 215 АЕК құрады. Бұл санаттағы барлық әкімшілік істер материалдары тікелей мемлекеттік органның құзыреті шеңберінде қаралды.

    2026 жылғы 9 ай көрсеткіштері жоспардан тыс тексерулер мен әкімшілік заңбұзушылықтардың негізгі үлесі мемлекеттік орта білім беру мекемелері мен жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға тиесілі екенін айғақтайды. Салынған айыппұлдар мен енгізілген нұсқамалардың орындалу динамикасы департаменттің қатаң бақылауында сақталады.

    1.5. Әкімшілік іс жүргізу бойынша:

    2026 жылдың 9 ай есебі бойынша 178 әкімшілік іс қозғалып, 14 әкімшілік іс бойынша «ескерту» түрінде, 164 әкімшілік іс бойынша 4706,5 АЕК-ге тең 20 355 612,5 тг айыппұл салынды (34 лауазымды тұлға, 117 заңды тұлға, 27 жеке тұлға).

    Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген бөліктері

    Прокуратураның ұсынысы

    Мемлекеттік органдардың ұсынысы (Комитет, білім басқармасы, білім бөлімдері, полиция)

    Жоспардан тыс тексеру

    Сотқа жолданғаны

    Жалпы

    409-бап 2-бөлігі

    20

    20

    Ескерту

    14

    14

    АЕК

    22,5

    22,5

    Айыппұл

    97 312,5

    97 312,5

    409-бап 3-бөлігі

    4

    1

    5

    АЕК

    100

    25

    125

    Айыппұл

    432 500

    108 125

    540 628

    409-бап 4-бөлігі

    18

    2

    34

    54

    АЕК

    265

    30

    390

    685

    Айыппұл

    1 146 125

    129 750

    1 686 750

    2 962 625

    409-бап 6-бөлігі

    12

    6

    18

    АЕК

    180

    90

    270

    Айыппұл

    778 500

    389 250

    1 167 750

    409-бап 7-бөлігі

    6

    2

    8

    АЕК

    120

    45

    165

    Айыппұл

    519 000

    194 625

    713 625

    409-бап 7-3-бөлігі

    ескерту

    462-бап 3-бөлігі

    АЕК

    Айыппұл

    463-бап 1-бөлігі

    1

    1

    АЕК

    25

    25

    Айыппұл

    108 125

    108 125

    464-бап 1-бөлігі

    62

    62

    АЕК

    2790

    2790

    Айыппұл

    12 066 750

    12 066 750

    464-бап 2-бөлігі

    6

    6

    АЕК

    600

    600

    Айыппұл

    2 595 000

    2 595 000

    463-бап 2-бөлігі

    АЕК

    Айыппұл

    127-1-бап

    2

    2

    4

    АЕК

    10

    20

    30

    Айыппұл

    43 250

    86 500

    129 750

    Жалпы

    98

    34

    43

    3

    178

    Ескерту

    0

    14

    0

    0

    14

    АЕК

    3835

    282,5

    550

    45

    4712,5

    Айыппұл

    16 586 375

    1 221 812,5

    2 378 750

    194 715

    20 381 652,5

    Жүктеу
    Отчет о проведенных контрольных мероприятиях Департамента по обеспечению качества в сфере образования Туркестанской области за 9 месяцев 2026 года
    Отчет о проведенных контрольных мероприятиях Департамента по обеспечению качества в сфере образования Туркестанской области за 9 месяцев 2026 года
    DOCX · 28 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2027 жылғы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізімі

    Жол картасы

    Түркістан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ 2026 жылғы 3 тоқсанында орындалуы туралы

    Түркістан облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ 2026 жылғы ІII тоқсанында орындалуы туралы № Іс-шара Орындау мерзімі 2026 жыл ІIIтоқсан орындалуы МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ...

    Есеп

    2026 ЖЫЛДЫҢ 3 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

    2026ЖЫЛДЫҢ3ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫЕСЕП 🔹«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет»...

    Есеп

    2026 ЖЫЛҒЫ 3 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

    2026ЖЫЛҒЫ 3 ТОҚСАНЫНДАБІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ТУРАЛЫЕСЕП ✅Лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады. ✅Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тік...

    Есеп

    Педагогтердің құқықтарын қорғау және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қызметі

    Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде (бұдан әрі - Департамент) 2026 жылы "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғ...

    Есеп

    2026 ЖЫЛҒЫ 2 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

    ✅Лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады. ✅Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді. ✅ 2026 жылғы 01 сәуір мен 30 маусым аралығында л...

    Есеп

    2026 ЖЫЛДЫҢ 2 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

    🔹«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіле...

    Есеп

    Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылдың 1 жартыжылдық бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі

    Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылдың 1 жартыжылдық бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің...