Педагогтердің құқықтарын қорғау және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қызметі

    ·

    Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде (бұдан әрі - Департамент) 2026 жылы "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі №84 бұйрығына сәйкес «Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес» (бұдан әрі – Кеңес) жұмысы жүргізілді. 2026 жылға арналған Кеңес жоспары бекітілді.

    Кеңес жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері» туралы бұйрыққа сәйкес орындалуын бақылау, білім беру ұйымдары басшыларының және өзге де лауазымды, өзге де тұлғалардың «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының нормаларын және педагогтік әдеп ережелерін сақтау, Кеңес қызметі туралы ақпараттық-түсіндірме жүргізу бойынша жұмыстар атқарылды.

    Департаментте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп кеңесінің төрағаларының қатысуымен “ Білім беру саласында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және адам құқықтарын қорғаудағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің рөлі” тақырыбында жиын өткізілді.

    Жиынға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Баймұратұлы қатысты. Ол білім сапасының маңызды болуына ең алдымен педагогтердің құқықтарын қорғау және құқықтық мәдениетті нығайту қажет екендігін атап өтті.

    Күн тәртібінде:

    - Педагогтердің құқықтарының қорғалуы және оны қамтамасыз ету шаралары;

    - Педагог мәртебесінің заңмен бекітілуі және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау;

    - Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.

    Аталған жиында педагогтердің құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, заң талаптарын сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес төрағасы Ғ. Алматов баянда жасады.

    Сондай-ақ педагогикалық әдеп кеңесінің мүшесі Нышан Тасболатұлы педагог мәртебесінің заңмен қорғалғанын, мемлекет қолдауы ұстаз беделін арттыруға және кәсіби қызметін сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

    Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.

    Департамент басшысы Ғ.Алматов 2026 жылдың 9 сәуір күні Қазығұрт ауданданда білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп кеңесінің төрағалары мен хатшыларының қатысуымен кездесу өткізді.

    2026 жылдың І жартыжылдығында 3 кеңес отырысы өткізілді. Атап айтқанда:

    №1 Кеңес отырысы 2026 жылдың 16 қаңтар күні өткізілді. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

    Кеңесте Түркістан қалалық білім бөлімінің №11 Ж.Жабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп басшылығына түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталған, Түлкібас ауданы білім бөлімінің Ұрбұлақ жалпы білім беретін мектеп директоры мен педагогтерінің іс-әрекетіне қатысты, Жетісай ауданы білім бөлімінің Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп директорына қатысты мәселелер қаралды.

    Кеңес ұсынысын негізге алып, өз құзыреттері шегінде жұмыстар жүргізу үшін Түркістан қаласының, Түлкібас, Жетісай аудандарының білім бөліміне және Түркістан облысының білім басқармасына хаттар жолданды.

    №2 Кеңес отырысы 2026 жылдың 23 сәуір күні өткізілді. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

    Кеңесте Жетісай ауданының білім бөлімінің «Ш.Құдайбердиев атындағы №32 жалпы білім беретін мектеп» КММ директорының, Мақтаарал ауданының білім бөлімінің «А.Фердауси атындағы №24 жалпы білім беретін мектеп» КММ директорының м.у.а, Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры мен директордың орынбасарының іс-әрекеттеріне қатысты мәселелер қаралды.

    Кеңес ұсынысын негізге алып, тиісті аудандардың білім бөлімдеріне өз құзыреттері шегінде жұмыстар жүргізу тапсырылды.

    №3 Кеңес отырысы 2026 жылдың 18 маусым күні өткізілді. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

    Кеңесте Әлеуметтік желілерде педагогикалық әдепке жат іс-әрекеті жарияланған Жетісай ауданы №65 «Достық» мектебінің директоры Е.Д. Нысановтың мәселесі, Кентау қаласы білім бөлімінің әдіскерлері Н. Күзембаева, М. Ерназарова, З. Нұрдәулетқызы, Г. Кеншембаеваның және №7 мектеп директоры А. Жаманқараева мен №8 мектеп директоры А. Батырбековтің іс-әрекеттеріне қатысты арыз, Түлкібас аудандық сотының қаулылары негізінде «Ұрбұлақ» мектебінің директоры Р. Курманбаеваның әрекеттеріне құқықтық баға беру және тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы мәселелер қаралды.

    Кеңестің шешімімен Түлкібас ауданының білім бөлімінің «Ұрбұлақ» мектебінің директоры Р. Курманбаеваның тәртіптіп жауапкершілігін қарау ұсынылды. Сонымен қатар, Кеңес ұсынысын негізге алып, өз құзыреттері шегінде жұмыстар жүргізу үшін Түлкібас, Жетісай аудандарының білім бөліміне хаттар жолданды.

    Жүктеу
    Защита прав педагогов и деятельность Совета по педагогической этике
    Защита прав педагогов и деятельность Совета по педагогической этике
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    2026 ЖЫЛҒЫ 2 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

    ✅Лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады. ✅Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді. ✅ 2026 жылғы 01 сәуір мен 30 маусым аралығында л...

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 ЖЫЛДЫҢ 2 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

    🔹«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіле...

    Жарияланды:
    Есеп

    Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылдың 1 жартыжылдық бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі

    Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 2026 жылдың 1 жартыжылдық бойынша жүргізілген бақылау шараларының есебі Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің...

    Жарияланды: