2026 жылғы 15 қазанда Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы К.Ауанасова Жетісай ауданының мектепке дейінгі ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық төтенше жағдайлар басқармасының, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өкілдері және Түркістан облысы Білім басқармасына қарасты Білім беруді дамыту орталығының маманы қатысты.
Кездесу Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіру және 2027 жылы мектепке дейінгі ұйымдарды уақтылы лицензиялауды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарының білім беру қызметімен айналысуға мемлекеттік лицензия алуға дайындық жұмыстарына арналды.
Кездесу барысында Департаменттің лицензиялау бөлімінің басшысы С.Пахымбет «E-license» ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыру кезеңдеріне егжей-тегжейлі тоқталып, өтінішті толтыру және растаушы құжаттарды қоса беру тәртібін түсіндірді, сондай-ақ қатысушылардың назарын әрбір кезеңде ең көп жіберілетін қателіктерге аударды.
Уәкілетті органдардың өкілдері өз кезегінде лицензия алудың басты шарттарының бірі болып табылатын өрт қауіпсіздігі және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын түсіндірді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Кездесу қорытындысы бойынша балабақша басшыларына мектепке дейінгі ұйымдардың қызмет жағдайларын біліктілік талаптарына сәйкес келтіруге алдын ала кірісу ұсынылды. Мұндай кездесулер облыстың басқа да аудандарда алдағы уақытта жалғасын табады.









