Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

    1 / 6

    Түркістан облысының мектепке дейінгі ұйымдарын алдағы лицензиялауға қатысты ақпараттық қолдау көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен өкілдері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    Осы бағыттағы кезекті кездесу Департаменттің ұйымдастыруымен өтті. Жиынға Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшалардың өкілдері, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, Төтенше жағдайлар департаментінің және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында Лицензиялау бөлімінің басшысы С.С. Пахымбет білім беру қызметіне мемлекеттік лицензия алу үшін өтініш дайындау және оны беру тәртібі бойынша таныстырылым өткізді. Қатысушыларға лицензиялау кезеңдері, құжаттарды ұсыну тәртібі, лицензия алуға үміткерлерге қойылатын талаптар және рұқсат беру құжатын алу үшін өтуге қажетті рәсімдер жан-жақты түсіндірілді.

    Білім беру саласындағы заңнама талаптарын, санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ құжаттарды алдын ала дайындау және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін белгіленген талаптарға сәйкестендіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Уәкілетті органдардың өкілдері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз құзыреті шегінде қажетті түсініктемелер берді.

    Департамент мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына лицензиялау талаптары туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру және тиісті рәсімдерден өтуге дайындық барысында әдістемелік қолдау көрсету мақсатында облыс көлемінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары