Қауіпсіз үй – қоғам тыныштығының негізі: Абай облысында 2000-ға жуық адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

    Ағымдағы жылдың 5 қазанынан 5 қарашасына дейін Абай облысының аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

    Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғын үйлердегі қоғамдық тәртіпті сақтау. Осы бағытта полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайлар бойынша тексеру жүргізіп, тұрғын үй нысандары мен қауіп туындауы мүмкін аумақтарды назарға алуда.

    Бүгінгі таңда ішкі істер органдарында есепте тұрған 1 968 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сондай-ақ азаматтық қару иелерінің белгіленген талаптарды сақтауын бақылау мақсатында 446 қару иесіне тексеру жүргізілді.

    Тұрғын үй секторындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жалпы 1 516 нысан араланды. Оның ішінде көпқабатты үйлердегі 267 пәтер, 490 жеке тұрғын үй, 21 жалдамалы баспана және 323 саяжай үйі қамтылды. Сонымен қатар қараусыз қалған нысандар мен шалғай аумақтардағы 173 орын тексерілді.

    Аталған іс-шара тұрғындардың қауіпсіздігін нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтауға бағытталған.

    Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік. Сондықтан әрбір тұрғынның қырағылығы мен құқықтық тәртіпті сақтауы қауіпсіз ортаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары