Абай облысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 24 мыңға жуық дерегінің жолы кесілді

    Жолдағы бір сәттік қателік – орны толмас өкінішке айналуы мүмкін.

    Жыл басынан бері Абай облысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың мыңдаған дерегі тіркелді. Олардың қатарында адам өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін құқық бұзушылықтар бар.

    Атап айтқанда:
    21 740 жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өткен;
    2 052 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген;
    201 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан.

    Бұл сандардың әрқайсысының артында жолдағы қауіпсіздікке әсер ететін нақты әрекет тұр. Бағдаршамның қызыл түсіне өту – тыйым белгісін елемеу ғана емес, өзге адамдардың өміріне қауіп төндіру. Жаяу жүргіншіге жол бермеу – оның қауіпсіз қозғалысына кедергі келтіру. Ал қарсы бағытқа шығу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін қауіпті маневрлердің бірі.

    Абай облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бауыржан Омаров:

    «Жол қауіпсіздігі әрбір азаматтың саналы таңдауынан басталады. Жүргізушінің асығыстығы, ережені елемеуі немесе өз мүмкіндігін асыра бағалауы басқа адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
    Әрбір жүргізуші жол ережесін сақтауды міндет қана емес, адам өміріне деген құрмет деп қабылдауы керек. Себебі жолда ешкімнің өмірі асығыстықтан артық емес», – деп атап өтті.



    Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, жаяу жүргіншілерге басымдық беруге және қауіпті маневрлерден бас тартуға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары