Семей қаласындағы Дулатов көшесінде полиция қызметкерлері Changan CS35 MAX маркалы автокөлікті тоқтатты.
Тексеру барысында 43 жастағы әйелдің көлік құралын басқару құқығы жоқ екені анықталды. Оның үстіне, бұл құқық бұзушылықты алғаш рет жасап тұрған жоқ. Бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, ол тағы да рөлге отырған.
Заң талаптарын елемеудің соңы бұл жолы айып тұрағымен аяқталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
Сот шешімімен әйелге 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның осы құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Рөлге отыруға ниет бар, ал жүргізу құқығы жоқ. Мұндай жағдайда жолға шығу – батылдық емес, заңға ашық немқұрайлылық!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









