Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс аумағындағы жалпы білім беретін мекемелердің жол инфрақұрылымын дамыту және оқушылардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Аталған бағытта барлығы 300 тексеру жүргізілді. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша жолды күтіп ұстау мекемелеріне оларды жою туралы 295 ұйғарым жіберілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінде облыста жол инфрақұрылымымен қамтамасыз етілмеген 5 мекеме қалды. Аталған мекемелер бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда, мәселе Полиция департаментінің тұрақты бақылауында тұр.
Полицейлердің басты мақсаты — балалардың мектепке қауіпсіз барып, аман-есен оралуын қамтамасыз ету, мектеп маңындағы жол қозғалысын ретке келтіру және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жауапкершілігін арттыру.
Балалардың қауіпсіздігі — барлығымыздың ортақ міндетіміз!
Жолда абай болайық, балаларды бірге қорғайық! 69edited 13:16
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









