Абай облысында студент жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарының жатақханаларында қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында «Жатақхана» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Іс-шара аясында колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған жатақханаларда профилактикалық және тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда облыстағы 27 жатақхананың 19-ы тексерілді. Тексеру барысында нысандардың қауіпсіздік жағдайы, студенттердің тұруына жасалған жағдайлар және қоғамдық тәртіптің сақталуы назарға алынды.
Сонымен қатар:
Студенттермен 33 профилактикалық дәріс өткізілді;
Колледждер мен жоғары оқу орындарының, сондай-ақ жатақханалардың әкімшіліктерімен 19 кездесу ұйымдастырылды;
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарының әкімшіліктерімен өзара іс-қимылды күшейтуге, студенттер арасындағы құқық бұзушылық тәуекелдерін төмендетуге және жатақханаларда қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









