Қауіпсіз арақашықтықты сақтамаған: Абай облысында екі жүк көлігі соқтығысты.

    22 қараша күні сағат 11:00 шамасында «Алматы – Өскемен» автожолының 902-шақырымында, Қапан-Бұлақ ауылының маңында жол-көлік оқиғасы орын алды.

    30 жастағы жүргізуші «Renault» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Өскемен қаласынан Алматы қаласына қарай қозғалу барысында қауіпсіз жылдамдықты таңдамаған және алдында келе жатқан «Volvo» маркалы жүк көлігімен арақашықтықты сақтамаған. Нәтижесінде екі жүк көлігі соқтығысқан.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Renault» көлігінің жүргізушісі жеңіл дәрежедегі дене жарақатын алған.

    Аталған дерек бойынша материалдық залал келтірген жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

    Жүргізушілерден жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтап, қауіпсіз жылдамдық пен арақашықтықты сақтауды сұраймыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары