Жолдағы тәртіп – жай ғана ереже емес, адам өмірін сақтаудың маңызды кепілі.
Күн сайын мыңдаған көлік қозғалысқа түсіп, сан мыңдаған адам жолға шығады. Ал сол қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әрбір сапардың сәтті аяқталуына үлес қосып жүрген жандар бар. Олар – жол-патрульдік полиция қызметкерлері.
Олар үшін күн мен түннің, тыныштық пен қарбаластың айырмасы жоқ. Бірі жол қозғалысын реттесе, бірі қиын сәтте көмекке асығады. Бірі апаттың алдын алса, енді бірі адам өмірін сақтап қалу үшін жедел шешім қабылдайды.
Абай облысының тасжолдары мен елді мекендерінде де жол сақшылары тәулік бойы қызмет атқарып, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Олардың әрбір кезекшілігінің артында – үлкен жауапкершілік, әрбір әрекетінің астарында – адам өміріне деген жанашырлық жатыр.
Бұл мамандық батылдықты, қырағылықты, төзімділік пен жоғары кәсібилікті талап етеді. Өйткені жолдағы бір сәттік шешім кейде бір адамның ғана емес, тұтас бір отбасының тағдырын өзгертуі мүмкін.
Жол сақшылары – жолдағы тәртіптің ғана емес, қауіпсіздік пен сенімнің де күзетшілері!
Қызметтеріңізге адалдық, кезекшіліктеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын! Әрдайым абырой биігінен көрініңіздер! 🇰🇿
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









