«Құқықтық тәртіп»: үш күнде 797 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

    Абай облысында 20–22 қараша аралығында өткізілген «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды.

    Үш күнге созылған рейдтік жұмыстар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол-көлік оқиғаларына жол бермеуге бағытталды.
    Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, көшелер мен жолдарда, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған азаматтардың мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.
    Нәтижесінде:

    Профилактикалық есепте тұрған 1 793 адам тексерілді.
    Олардың тарапынан белгіленген шектеулерді бұзудың 15 дерегі анықталды.
    Барлығы 797 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

    Қоғамдық тәртіпке қатысты:
    Алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзу – 5;
    Ұсақ бұзақылық – 9;
    Қоғамдық орындарды ластау – 19;
    Қоғамдық орындарда алкоголь ішу немесе мас күйде жүру – 166;
    Есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын медициналық емес мақсатта тұтыну – 22;
    Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы – 113;
    Қоғамдық орындарда тиісу – 82;
    Қорғау нұсқамасын бұзу – 8;
    Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 189 дерегінің жолы кесілді.

    Жол қауіпсіздігі де назардан тыс қалған жоқ.
    Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын бұзудың бірқатар дерегінің алдын алды:
    Қарсы қозғалыс жолағына шығу – 4;
    Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларына басымдық бермеу – 93;
    Мас күйде көлік құралын басқару – 15;
    Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік жүргізуі – 10.

    Бір ескеретін жайт: құқық бұзушылықтың әрбір дерегі – қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатер. Әсіресе мас күйде көлік басқару, есірткі тұтыну, қоғамдық тәртіпті бұзу және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта бақылаусыз жүруіне немқұрайлы қарауға болмайды.

    Шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарының сақталуына бақылауды күшейту.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары