23 қарашада сағат 07:50 шамасында Семей қаласы, Шугаев көшесі мен Гёте көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды.
46 жастағы жүргізуші CHEVROLET COBALT автокөлігін қосалқы жолмен басқарып келе жатып, басты жолмен келе жатқан LADA LARGUS автокөлігіне жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Материалдық шығын келтірілді.
Аталған факті бойынша көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, соның салдарынан көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол және өзге де құрылыстардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соғып, материалдық залал келтіру дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұл құқық бұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.
Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қиылыстарында аса мұқият болуға, басымдық белгілерінің талаптарын қатаң сақтауға және асығыстықтан аулақ болуға шақырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









