Облыс аумағында 2026 жылғы 10 қарашадан 2027 жылғы 3 қаңтарға дейін екі кезеңнен тұратын «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – пиротехникалық өнімдердің заңды айналымын бақылау, сертификатталмаған өнімдерді сатуға жол бермеу және мереке күндері болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу.
Осыған орай облыс аумағындағы базарлар мен сауда орындарында рейдтік тексерулер жүргізілуде. Сондай-ақ мектеп инспекторлары білім беру ұйымдарында оқушыларға пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын түсіндіруде.
Полиция тұрғындарға пиротехникалық өнімдерді тек арнайы сауда орындарынан сатып алуды, оларды белгіленбеген жерлерде пайдаланбауды ескертеді.
Қоғамдық қауіпсіздік талаптарын бұзған азаматтарға заңнамада көзделген әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









