Еңбек заңнамасының 23-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. Осы міндетті іске асыру мақсатында Атырау облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің басшысы К.Имангалиевпен Мемлекеттік аннуитеттік өмірді сақтандыру компаниясы филиалының директорымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында одан әрі өзара іс-қимыл мәселелері, жұмыс жоспары, сондай-ақ қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырудың маңыздылығы мен қажеттілігі талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлерді сақтандырумен қамтамасыз ету және осы саладағы заңнама талаптарын сақтау бағытындағы одан арғы жұмыс бағыттары айқындалды.









