
Мемлекеттік еңбек инспекторы И. Игамбердиев «Жалынды құрылыс» ЖШС-не қатысты профилактикалық бақылау жүргізді.
Профилактикалық бақылау барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы, оның ішінде жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы тексерілді.
Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша жұмыс берушіге анықталған кемшіліктерді жою және еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуына жол бермеу жөнінде тиісті нұсқама берілді.








