Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек заңнамасы бөлімінің бас мамандары, мемлекеттік еңбек инспекторлары Б. Салық пен Д. Қалымов Құлсары қаласындағы «Ремвагон» ЖШС филиалының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында еңбек заңнамасының негізгі талаптары, жұмыс беруші мен қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, еңбек шартын жасасу және еңбек қатынастарын ресімдеу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар еңбек құқықтарының сақталуы, еңбек қатынастары саласындағы заңбұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударыл ып, сұрақтарға жауап берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









