«ИНДЕРГИПС» ЖШС-ДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары «ИндерГипс» ЖШС-не профилактикалық бақылау жүргізді.

    Профилактикалық бақылау аясында кәсіпорынның кадр қызметі, бухгалтерия бөлімінің өкілдері және басшылық құрамымен кездесу өткізілді.

    Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары, еңбек қатынастарын дұрыс рәсімдеу, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау, сондай-ақ өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, жұмыс беруші мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөніндегі міндеттері түсіндіріліп, заңнама талаптарын орындаудың маңыздылығы атап өтілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары