Мүгедектік белгіленді. Жәрдемақы алу үшін бөлек өтініш беру қажет пе?
Мүгедектік алғашқырет белгіленген кезде азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеу тәртібі қызықтырады.
Мүгедектік алғаш белгіленген жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға өтінішті медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімшесінде «бір өтініш» қағидаты бойынша беруге болады.
Сонымен қатар жәрдемақыны проактивті қызмет арқылы рәсімдеуге болады. Бұл жағдайда азаматқа жәрдемақы тағайындау туралы ұсыныс жіберіледі. Азамат келісімін растаған кезде бөлек өтініш беру қажет емес.
Бұдан бөлек, өтініштіхалыққа қызмет көрсету орталығыарқылы немесе eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады.
Маңызды! Жәрдемақы мүгедектік белгіленген күннен бастап тағайындалады. Өтініш берілген жағдайда төлем өтініш берген күнге дейінгі үш айдан аспайтын кезең үшін жүргізіледі.
Сондықтан мүгедектік белгіленгеннен кейін жәрдемақы тағайындауға өтініш берілгеніне немесе проактивті қызметке келісім расталғанына көз жеткізіңіз.
Өз құқықтарыңызды біліңіз және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын пайдаланыңыз!
#Мүгедектік #ӘлеуметтікЖәрдемақы #МӘС #ӘлеуметтікҚолдау #ҰлытауОблысы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









